Бір қарияға

Бұл бетте «Бір қарияға» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1975
Қария, досым едің сенетұғын,
Шерленсең сырласуға келетұғын.
Алдыңда ағатайлап мен тұрушы ем,
Жанын да жалтақтамай беретұғын.
Көп бағып ажарыңнан аңғармаушы ем,
Пейіліңді бүлдіргіштер жеңетұғын,
Ақ көңіл аңғалдықпен көз тапаппын
Тереңін көкейіңнің көретұғын,
Әрінде жатыр екен сан сайтаның
Арыңды тым арзан – ақ төгетұғын.
Осқырып сен ұяттан безе қалдың
Мезгілің жеткен шақта өлетұғын.
Не керек ит асырап қартайғанда,
Білер ме ол қадіріңді жантайғанда.
Айтақтап күнде маған мәз боласын,
Ақылың шынымен-ақ ортайған ба?!
Ал дейміз кімнен үлгі кейінгіге
Батагөй болсаң өзің сойқандарға?
Айтқаным ақырғы рет есіңді жи,
Елікпе сайтандар мен сайқалдарға.
Жүрмейік біз ұялып жұрт алдында,
Күні ертең туралап сен шоңқайғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір қарияға өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Бір қарияға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір қарияға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір қарияға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері