Бұл бетте «Өнердегі бала дарын» атты Қадыр Мырза Әли жазған бала туралы өлең берілген.
Өнердегі бала дарын,
Жас дарын
Ілтифатпен иді маған бастарын.
Асыл жырдың құпиясын ақтарып,
Адамдардың айналдырдым астарын.
Жігіт болып, рас, кейде ойнадым.
Көбіне-көп бірақ істі ойладым.
Мұхиттағы батисфера сияқты
Бұл өмірдің тереңіне бойладым.
Хайуаналар кейуананы аяп па?!
Жігітіңді жығар мігіт таяққа!
Жақсылықты жалау қылып аспанға,
Жамандықты шұлғау қылдым аяққа!
Қызыл-жасыл құйрығындай тотының.
Шұғылалы сөзден шілтер тоқыдым.
Тура келсе — адам сырын көзінен,
Жалт бұрылса — жауырынынан оқыдым.
Сезім оты өшпейтұғын тамаша от.
Ақ алауға айналмайды шала шоқ.
Мен — Абайдың інісімін жырдағы,
Екеуміздің арамызда бала жоқ!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі