Барар жолда

Бұл бетте «Барар жолда» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4677
Барар жолда,
Жетер жолда мақсатқа
Ие болу оңай емес жақсы атқа.
Шалды біреу, талай шалды аяқтан,
Бірақ, бірақ көрген жоқпын кек сақтап.
Бірі биік,
Бірі олардың жатаған.
Түсін түстеп,
Аты-жөнін атаман.
Бірін мінеп,
Бірін сынап,
Өмірде
Дәрменсізді мұқатқанда не табам?!
Жақсылардың бәрі шырақ,
Бәрі шам.
Зұлым жүрек шығара алмас дұрыс ән.
Біреу мені өшіруге тырысса,
Оны да мен кешіруге тырысам.
Тауып берер дарынсыздың жоғын кім?!
Басады әлі ондайлардың көбін құм.
Қызғаныштың құлы болса біреулер,
Патшасымын мен қашанда кегімнің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барар жолда өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Барар жолда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барар жолда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барар жолда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері