Адам мынау үйренген соң тұрмысқа

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2624
Адам мынау үйренген соң тұрмысқа,
Алдына оның түсе алмайды құмырсқа,
Ал бөлгенде сол еңбектің жемісін,
Артық алсам дейді пенде бір мысқал.
Алыспен де,
Жақынмен де арбасып,
Өгізі өліп,
Сынар сосын арбасы...
Артық емес,
Бірақ бақыт балынан
Артық татсам деп тұрады бір қасық.
Адам және қанша сарай тұрғызды?!
Сол сарайға қанша аруды кіргізді?!
Артық емес,
Адам бірақ өмірде
Артық сүйсем деп тұрады бір қызды,
Айналайын, болса мұндай сенде мін,
Ауру жандай өзіңді-өзің емдегін!
Кімсің дерсің ақыл айтқыш,
Сынағыш?
Кім болушы ем,
Мен де өзіңдей пендемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам мынау үйренген соң тұрмысқа өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Адам мынау үйренген соң тұрмысқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Адам мынау үйренген соң тұрмысқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам мынау үйренген соң тұрмысқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері