Неге керек жалған сөз

Бұл бетте «Неге керек жалған сөз» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3231
Неге керек жалған сөз,
Өтірік сын!
Қиындықты жолдағы опырыпсың.
Абыройлы,
Құрметті
Қолайлы да
Креслоға сен бүгін отырыпсың.
Болмағанмен дәл қазір өзіңде мін,
Болушы едің, ойлашы, кезінде кім?!
Көңіліңе келмесін енді сенің
Әзіл-шыны аралас сөзім менің.
Қадірлі ғой жігіттер жақсы атпенен,
Жақсылықты жырлап мен қақсап келем.
Ғылым қумай, бауырым, басқа қудың,
Не істесең де істеуші ең мақсатпенен.
Емес едің сен біздей дала кезбе,
Болмаушы едің ешкіммен ала көз де.
Шкафтағы тәттіні алу үшін
Орындыққа шығушы ең бала кезде.
Бақыт шіркін келмейді тегін ерге.
Жүлде керек жүйрікке емінерге.
Тағы неге қол создың?—
Креслоның
Орындықпен емес пе тегі бірге?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге керек жалған сөз өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Неге керек жалған сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге керек жалған сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге керек жалған сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері