Өлең, жыр, ақындар

Зейнолла Серікқалиевке

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2082
Қайсар қазақ қашанда төзер мұңға.
Күннің көзін екі есе сезер құмда.
Сөзі орнында қалғанның
Қай кезде де
Қалатыны белгілі өз орнында.
Кейбіреулер, әрине, сөзін сатпақ.
Назын сатпақ.
Өкпесін,
Көзін сатпақ,
Алтын сақтап жүргенде әлдекімдер,
Қалғандардың бірі сен өзін сақтап.
Сұлулығын қабылдап лала гүлдің,
Сен өзіңе шындықты
Ана қылдың.
Жердің өзін жегенде эрозия,
Сол құнарлы күйінде қала білдің.
Біздер — қалған таулардан селдір сілем.
(Үлестіріп жатқам жоқ мен бір шүлен)
Үндемеген кездерің болған шығар,
Кездеріңді көргем жоқ көлгірсіген.
Қайың демен,
Мен сені емен демен.
Сен бір жансың жақсыға елеңдеген.
Басыңды иген кездерің болған шығар,
Кездеріңді көргем жоқ төмендеген.
Өрт ішінде пікірлер түйіскенде
Қала білдің бұзылмай,
Иістенбей.
Сол баяғы мәз қалпың,
Таза күлкің,
Бірінші рет қызбенен сүйіскендей.
Қайсар қазақ қашанда төзер мұңға,
Көзін күннің екі есе сезер кұмда.
Сөзі орнында қалғанның
Қай кезде де
Қалатыны белгілі өз орнында!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем боп гүлдеп көзімде

  • 0
  • 0

Көктем боп гүлдеп көзімде,
Көңілді талай бұзған бақ.
Қызығым ба еді
Кезінде

Толық

Қажығалиға

  • 0
  • 0

Өзің айтшы, сыншым менің қырағы,
Суға тойған қашан шөлдің мұрабы?!
Он қызы бар ата-анаға, білесің,
Қай кезде де бір ұл жетпей тұрады.

Толық

Шықсам да

  • 0
  • 1

Батырлығым ұстады,
Шықтым терек басына.
Сонау орта тұстағы
Жеттім ұя қасына.

Толық

Қарап көріңіз