Өлеңдер жинағы - 497 бет

Ұлы даланың жасампаз ұрпағы

Tursynakerke

Дүр сілкінткен ерекше тым аспан менен жерді шын,
Оянайық,тұрайықшы, құлшынайық енді тың,
Жастар жылы-жастар үні екендігі айқын ғой,
Дауыстайтын, шырқайтұғын енді міне келді күн.

Толық оқу

Ер қазағым

Kuandik_Zholtai

Найзасы найзағайдай от шашатын,
Қорғаған елін, жерін ер қазағым.
Байрағы көк аспанда желбіреген,
Елдігін жауға бермес ер қазағым.

Толық оқу

Ардагерлер

Kuandik_Zholtai

Ардагерлер сіздерге ізет, құрмет,
Ерліктерің бойыма жігер берет.
Қайтпас қайсар, батырлар, ардақтылар,
Асқар таудай, алыптар, нар тұлғалар.

Толық оқу

Сұлу біздің Қазақтан

sarsembekova

Өзен, көлдер қандай сұлу,
Тамаша Көз тартады бұл көркіңе қараса.
Жасыл желек төселіп тұр бұл жерде,
Жайнап өскен гүлдері бар өзінде.

Толық оқу

Ғажап тілім

Kuandik_Zholtai

Тілім десе жүрегім тілімделіп тілінген,
Тілім менің тірегім сүйенішім сүйенген.
Тілім барда жалғанда жалықпаймын сүруден,
Тілім барда тірліктің оты өшіп, сөнбеген.

Толық оқу

Бұл дала

Kuandik_Zholtai

Бұл дала не көрмеген, не көрмеген,
Тарихтың көшінен еш бөгелмеген.
Сақ, үйсін, ғұн бабамның көзіндей боп,
Кең байтақ қазақ жері бізге жеткен.

Толық оқу

Апама

Мұрат Шаймаран

Әр күніңе таң болып күле кірем,
Гүлің болам, бағыңа мың егілем.
Саған алқа сыйлар ем, қалтам тесік,
Мөп-мөлдір ғып мойныңа жүрек ілем.

Толық оқу

Ана

Төлеген Айбергенов

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Толық оқу

Бәрі де, Ана

Қадыр Мырза Әли

Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,

Толық оқу

Ауылға сыр

Zhumagazin0rynbek

Көшеде у-шу, қаптаған бала,
Ойнаушы едік жамырап.
Үлкеннің бәрі болушы ед(і) дана,
Ауыл тұратын жадырап.

Толық оқу

БІР АУЫЗ СӨЗ

bagilaesenbaeva

Бір ауыз сөз
Жүрекке жарық боп жағылатын,
Қасірет қайғы мұңға батыратын.
Жетелеп алға қарай ұмтылдырып,

Толық оқу

Аяр досқа

bagilaesenbaeva

Дос едік қыл өтпестей сырласатын,
Күлкімен түндер таңға жалғасатын.
Ойламай жүре бердік сенімге нық,
Кім білген көңіл жігін мұң басатын.

Толық оқу

Бір ой

Eramir__

Өмірде-адамдар өзгереді,
Біреуі жаныңда,
Біреуі-алдыңда,
Біреуі-артыңда,

Толық оқу

Өзіммен күресу

Eramir__

Бұл өмірде өзгелермен күреспедім,
Алысып,жұлысыпта, тіреспедім.
Күрескенмін мен дағы Өзімменен,
Бәрібір чемпиондыққа ілеспедім.

Толық оқу

Тілек

Eramir__

Көкке қарап қолымды жайып тұрып,
Тіземді суық жерге тіреп қойып.
Жаратқаннан сұрадым жақсылықты,
Жіберсін деп жаманның бәсін жойып

Толық оқу

Мұстафа

Естеу Нүсіпбеков

Бабаң-көкжал, атақты Торғай датқа,
Нағашы атаң Хиуада болған тақта.
Өрлік, отты қайсарлық қаныңда ойнап,
Толымды ойлы заңгер боп келдің сапқа.

Толық оқу

Алаша көл

bagilaesenbaeva

Сан бояумен көмкергендей жараса,
Жұлдыздармен сырласатын тамаша
Құмдауыт жайылымы малға жайлы,
Ертегідей аңыз көл бар- Алаша.

Толық оқу

Адам болу

bagilaesenbaeva

Адам болу- мамандықтың қиыны,
Кісілікті ұғынарсың тиімді.
Ақыл,ғылым,ар,мінезден көрінер,
Өз ісіңе төрешісің түй мұны.

Толық оқу

Аңыз

bagilaesenbaeva

Аңыздар бар қалып қойған аталардан,
Сыр ұққандай боласың жоталардан.
Табиғат тылсымында жұмбақ сыр бар,
Көзден ұшып кеткендей қатал арман.

Толық оқу

Күз келсе

bagilaesenbaeva

Күз келсе,құстар қайтар мекеніне,
Қимастығын арқалап кетер бірге.
Жерде тұрып оларға қол бұлғаймын,
Екі өмір-ұқсамайтын тіпті мүлде.

Толық оқу

Өмірдің ұлы қаруы

Есенбаева Багила Ауезхановна

Қадір тұтсаң ана тілді мәпеле,
Ана тілге өзге тілдер жете ме?
Жүрегіңе жол табатын ұялап,
Уа , Ана тіл көтеремін төбеме.

Толық оқу

Жастық жыры

deebge1023

Көр кеудені етер дейсің кім үлгі,
Тыңдатпаққа ұмтылсаң да үніңді?
Бұл заманда оқығандар- көшбасшы,
Озатын да, әр додада- білімді!

Толық оқу

Ана жайлы елес шумақтар

Естеу Нүсіпбеков

Томпайып бейіт қалды белең қырда,
Мұра қып қолау құба көбеңді ұлға.
Білген жоқ бірақ ана сол ұлының,
Боларын құмар өрен өлең-жырға.

Толық оқу

Әже көзі

Естеу Нүсіпбеков

Сабын сәндеп ораған сары жезбен,
Ақ күмістеп безеген моншақ көзбен.
Сезімдерді тіл жетпес зергерлікпен
Сөйлетуді сәулеттеп сергек сезген.

Толық оқу

Жұматай палуан

Естеу Нүсіпбеков

Әкесі Есмұхаммет момын адам,
Сөз қуып тілін, жағын жанымаған.
Үш ұлы жұныттай боп ер жеткенде,
Танылды талай жұртқа танылмаған.

Толық оқу

Үлкен Мұхтар

Естеу Нүсіпбеков

Деді әлде, демеді әлде еленейін,
Кернеді керім өнер өне бойын.
Еңсерді қой асықтай қолда ойнатып,
Азия, Европаның өрен ойын.

Толық оқу

Марқасқасы ғасырдың

Естеу Нүсіпбеков

Марқасқасы ғасырдың,
Ақыл-ойдың саңлағы.
Дүбіріне үн қосқан жаңғырығып жан-жағы.
Келген, жортқан екпіні желпіндіріп мезгілді.

Толық оқу

Аналарға арнау

Естеу Нүсіпбеков

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Толық оқу

Дала қызымын

Есенбаева Багила Ауезхановна

Жасқанбай дауыл өтінен,
Ызғары сүйіп бетімнен.
Ақ көңіл дала қызымын,
Естіген үнін жетіген.

Толық оқу

Бала күнгі балғын шақ

Zhumagazin0rynbek

Кеше,  кеше,  есіңдеме бала күнгі балғын шақ...
ойнаушы едік тай құлындай асыр сап...
ауылымыз біздер үшін болатұғын алтын бақ...
топырағы болған бізге бала күнде хандық тақ...

Толық оқу

Тастанды баланың зары

Zhumagazin0rynbek

Ана жаным, бұл қалай жасағаның?
Неге сонша қатты еді тастан жаның?
Өзіңнің ертеңіңді ойлаймын деп,
Қалай болды қоқысқа тастағаның?

Толық оқу