Тілек – Еркебұлан Серімханұлы

Бұл бетте «Тілек» атты Еркебұлан Серімханұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көкке қарап қолымды жайып тұрып,
Тіземді суық жерге тіреп қойып.
Жаратқаннан сұрадым жақсылықты,
Жіберсін деп жаманның бәсін жойып.

Жағдайлары келіссіз адамдарға,
Келістілер жіберсе малын сойып.
Қолынан келіп тұрса көмек беру,
Сауапты жинап алар қыран сайып.

Елімнің саулығында тіледім мен,
Халықтың әлеуеті кетсін байып.
Қырық пышақ іріткі ары қарай,
Кенеттен арманырақ болсын ғайып.

Әлдилеп құшағында құндақтаған,
Еңбек етіп біреуі жанын салған.
Аман болсын ата-ана алтын басты,
Аман болсын тағы да туыс жаран.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар