Табиғат туралы сыр
Төрт ханшайымдай керілген кербез жылдар:
Біріншісі- қаһарлы ханша қыс бар,
Екіншісі- көктеген ханша көктем,
Үшіншісі- жайнаған жайдары жаз,
Төрт ханшайымдай керілген кербез жылдар:
Біріншісі- қаһарлы ханша қыс бар,
Екіншісі- көктеген ханша көктем,
Үшіншісі- жайнаған жайдары жаз,
Ақын апам, өлеңі үлгі маған,
Махаббат лирикасын мың толғаған.
Жүрекпен, ықыласпен мағыналы,
Әдебиетке жол салған поэзиядан.
Төбесінде бұлт аунар,
Жер бетінде тұр таулар.
Бірақ, мына мен үшін,
Бәрінен биік бір тау бар.
Сабағынан келгенде,
Ақша беріп Ерденге.
Апасы оны жұмсады,
Кешіксе егер ұрысады.
Сарғайған бақта өзгерген мүлдем реңі,
Жапырақ бірде жылайды, бірде күледі.
Онсыз да оның бір сәттік келте ғұмырын,
Зулаған мынау қатыгез күн кеміреді.
Көлегейлеп Күн нұрын,
Аспанның да қабағы қатуланып тұр бүгін.
Түрер оның желіккен жел түндігін...
Жұбатады ал, бірақ
Қараша келді қатулы қырау қабағы,
Жылауық бұлттар бетіне бұлау қонады.
Жапырақтарға жынды жел жаназа оқып,
Жалаңаштады күз келіп мынау қаланы.
Уа, Келменбет, дүр баба!
Таңдай қаққан талайлар,
Тау болмысты тұлғаңа.
Қорған болар жұртына,
Ол жылы мен не бары он үште едім,
Мені құшып ағайын, көрісті елім.
Әкем кетті аттанып арамыздан,
Ішіне тұншықтырып соғыс шерін.
Жаратқаннан жетті жарлық,
Аласарды биігім.
Өзіңменен кетті барлық,
Әлемдегі мейірім.
Тұрғанмын лашықта да, шошалада,
Болған жоқ жылуынан ошағы ада.
Өз үйіме қолымыз жеткен күні,
Қарлығаш ұя салды босағама.
Құдіреттен күткендей шабытты асқақ,
(Қалайша көңіл шерін ағытпасқа).
Күйші отыр домбырасын қолына алып,
Шіңгірлете шектерін қағып тастап.
Қара жерге шаруаның тері сіңіп,
Жомарт күзден күтетін ел іші үміт...
Сарала жапырақтар жоғалыпты,
Кеткен-ау қарашаның желі ұшырып.
Сәл ертерек намазшам уақыттан,
Құба белден табынды құлатып, паң...
Есек мінген Байнияз қартпен бірге,
Өрістен мал қайтады шұбатып шаң.
Сәуір туды, көкек құс келмеді әлі,
Күтетін сұрша құсты елде бәрі...
Қасат қардан қылаудай қалмаса да,
Көктен күннің жетпей тұр жерге нәрі.
Жүзіне бүгін түсті әжім,
Ал, менің өңім тұр көктеп.
Алғашқы менің ұстазым –
Әжемнің өзі – бір мектеп.
Басқалар да байқасын –
Өсті десем Өркенім…
Ауырлығын айтасың,
Арқаңдағы сөмкенің.
Өмір-теңіз сонда бірге жүземіз,
Қиындыққа санаменен төземіз.
Білім іздеп асылдан,кереметтен
Дүниені шарлап кейде кеземіз.
Өмір ғашық, бүкіл әлем мас маған,
Көзім заңғар күн сияқты қырағы.
Менің денем Менделеев ашпаған,
Металдардың қоспасынан тұрады.
Туған жерім - кіндік тамған, қоныс тепкен мекенім,
Қызғалдақтай сенде өсіп, жарып шықтым, гүлдедім,
Асыр салып, асық атып, топырағыңда көп аунау –
Көз тартарлық табиғатта сұлулықты көргенім.
Әлемде қаншама алтын мен гауһарлар төгілген жердің бетінде,
Билейтін қазір де ақшаның кезі бұл саналар байлық ретінде.
Алтынды гауһардан іздейтін күйімен қалыпты қаншама адамдар,
Қай дәрі жазады кө...
Бас иіпті саған осы алаңда.
Неге сонша құн жатыр-ау бағаңда?
«Тәуелсіздік» деген сөзді естісем,
Бір кербезді көретінмін ғаламда.
Ей, орамал, орамал,
Болдың маған жорамал.
Ғажайыпты сиқырмен
Мені баурап орап ал!
Бір емес, екі емес жұмбақ бағым,
Бар екен бірталай ұнатқаным,
Көңілде күмбірлеген сұрақта мың.
Бағымды баптай алар бапташы
Бесігім еді ауылым,
Әлдилеп мені тербеткен.
Бар ойын, күлкі, сауығым,
Бал кезім,нәрім сонда өткен.
Керек емес бұл өмірге жылағаның,
Қайғырғаның,сүрініп-құлағаның.
Шыдау керек,төзу керек бұл күнге,
Келмейді ғой әркез сенің сұрағаның...
Жақсы өмір сүргенменен биікте,
Бір сәт қара төмендегі кейіпке.
Елі үшін құрбан болған азамат,
Айналады ақыреттік шейітке.
Саналы қыз дейтінсіз!
Саналы қыз!
Саналылау болған соң жаралымыз.
Барды-жоқты сөз етіп, сылтауратып,
Сабылысыңды жасырып қалған сәт қанша?!
Не болар екен көңіл-сандықты ақтарса?!
Мен жүрген мынау тағдырдың жолы тайғанақ,
Басыма сосын қона бермейді бақ та онша...
Керемет бір сезімдері бөлейді екен адамды
Диффузиямен бір мезетте улайды ол санаңды
Мастанбағын минуттармен жастығыңның буына
Баспалдақта Нық басуың саған керек қадамды
Арманым, болашағым-Астанам,
Еш нәрсе бір өзіңнен аспаған.
Нық сенімді серік қылып болашаққа
Барайын есігіңді аш маған.
Бар өмірі байланысқан баламенен,
Ана деген – бір бөлек ғажап әлем.
Кім бар сенің жаныңнан артық десе,
Ойланбастан, ол – менің Анам дер ем!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі