Астана
Жайнай бер, көркей менің Астанам,
Жалындаған жастарына үлгі болар жас қалам.
Күллі әлемнің алдында сенің дара жолыңды
Мақтанышпен 20 жылдық жемісің деп ақтарам
Ояттың маса болып қазағымды,
Ұқпаймыз-ау сен тартқан азабыңды.
Көп нәубет көріпсіз ғой, ардақты ата,
Тарихқа салсам біраз назарымды.
Біздер, біздер шалғайдағы жандармыз,
Ғаламтордан мақрұм болып қалғанбыз.
Болмаса да қолжетімді ғаламтор
Рейтингтегі азды-көпті сандармыз.
Қиялданып басымды тасқа соққам,
Армандаумен жібек жіпке моншақ таққам,
Бірақ та өмір деген алдамшы екен
Ол қиялдан ащы дәм балын татқам.
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Батырлардың жалғасымыз
Жүрек пен білек теңескен,
Ақындардың баласымыз
Тіл менен ой тең өскен.
Ақындардың ұрпағы едік,
Басындырмас өр басын.
Батырлардан тарап едік,
Жігері мықты, қорғасын.
Бұл қазақ өткермеген нені бастан,
Бағынан қайғысы көп, шері-дастан.
Тағдырдың тәлкегіне төтеу үшін,
Маңайда қаны мен тер араласқан.
Домбырам менің домбырам, өзіңді әркез қолға алам.
Қос ішекпеналпыс үн қосып,
Галивудтан жүлде алған,
Ұзақ жаса домбырам
Кейбір кезде көңіл жүдеп,
Қайдағы бір қайғы өпкен.
Қыр самалын аңсаймын кеп,
Аймалайтын жайлы еппен.
Аман ба Теміржан дос, ауыл-аймақ?
Сары атан болған шығар сары тайлақ.
Ержетіп кеткен шығар ұл-қыздарың,
Бір кезде отыратын «сарымайлап».
Дүние-байлық улаған санамызды,
Кешіре гөр, ақ Жайық балаңызды.
Өлтірген соң жоқтайтын халықпыз ғой:
Қолымызбен өзіміз анамызды!
Қысқа киіп модасын оздырады,
Содан кейін көрінген сөз қылады.
Бұл әрекет бойдағы сезімді емес,
Еркектің нәпсісін тек қоздырады.
Бәрі бітті дегенде басталады,
Ашылады өмірдің қас қабағы.
Оянады кеудеңде алып арман,
-Қуаныштан жанарда жас қалады.
Айрылдың қайран қазақ Есіліңнен,
Қарекет жиған-терген несібеңнен.
Тірідей бозбаланы жау әкетті,
Болды екен әлдекімнің кесірінен.
Тәуелсіздік, төрлет менің төріме,
Тәуелсіздік, шаттық сыйла еліме.
27 жыл қадам басып келесің,
Мынау дархан кең жазира еліме.
Мен бір күні, лапылдаймын жанамын,
Түбін жазып жүректегі жараның.
Менсінбеген баяғыда кеудеңнің,
Күліп тұрып , зәре құтын аламын.
Адам болғым келеді қарапайым,
Ниеті ақ нәресте баладайын.
Адам болғым келеді адам болғым
Ертеңіне заманның алаңдайтын
Жүрегім сен деп соғады, дүрсілдеп
Жүрегімнің бір түбінде
Ойрандай ашылды ойылып
Сезімнің бір бөлшегі .
Бұйырмаған екен . Сұрама жүрек.
Бір пенденің қосылу шартыменен
Үлкен төзімділікті қажет ететін
Жүрек қақтығысып сезіммен
Қолыма қалам алып өлең жаздым,
Болмады бұрынғыдай, заман, аздың.
Ойыма қайран елім түскен шақта
Сарғайып уайыммен өлең жаздым.
Біз қазақпыз ешкімді кемсітпеген
Жесірі мен жетімін өксітпеген
Қалай ғана жүреміз қазағым ау
Еліміздің дамуын өршітпеген
Осы заман,қай заман?
Жаңа өмірге жүз қадам.
Дамудың жаңа жолында
Айбынды тек Қазақстан!
Туған жерім бас иемін өзіңе,
Мақтанамын туғаныма өзіңде.
Құндылығы ешнәрсеге жетпейтін
Сыр жеріне жетер жер жоқ әлемде.
Туған жерім еңселі,айбынымсың,
Тек сенімен мақтанады ұл-қызың.
Көркие бер,жайнай берші мәңгілік,
Қуанышпен атсын сенің әр күнің.
Құсайын құрдас құстай жүрсің қайда?!
Айналды сен кеткелі сегіз айға.
Ақсудан аттандырған азаматтың
Сәлем айт барлығына, бар Матайға.
Жаңғырады,жаңғырумен əлем тағы жаңарады
Жаңарып бір қанат қағып,жасарады
Желтоқсанның ызғарлы лебі өтіп,
Рухани жаңғырумен тоғысады
Ей қазағым, қайда кетіп барасың?
Жастарың бар көрсетпейтін қарасын,
Қарттарың бар білмейтұғын шарасын,
Ана байғұс күтіп отыр баласын.
Неге екенін білмеймін, саған қарап,
Күлгім келед жымиып, бағым санап.
Сезгім келер жылулықты сендегі
Мәңгілікке жібермей құшағыма орап.
Нені іздейсің көңілім, нені іздейсің?
Толқып жатқан тұңғиық теңіздейсің.
Тастай қатып жібімей жан дүниеме,
Лупілдеген жүректі сезінбейсің.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі