Арқаттағы біздің үй
Ауыл. Түнді жамылып ап,
Түгел тылсым көшке еретін.
...Біздің үйдің шамы бірақ,
Бәрінен де кеш сөнетін.
Ауыл. Түнді жамылып ап,
Түгел тылсым көшке еретін.
...Біздің үйдің шамы бірақ,
Бәрінен де кеш сөнетін.
Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім,
Кешір мені, кеш мені, сен текті елім!
Бір сағыныш мазалап ертелі-кеш,
Жүреді ылғи жанымды өртеп менің.
Ауылға бардым... бала күндерім кекілді,
Алдымнан шықты. Ақ жауын жуып бетімді,
Алақаныма тамшысы жылы тиеді,
Аяулы анамның аппақ жаулығы секілді.
Құдайға құл екенін күнде айғақтап,
Көрмеген тірі жанды бір ғайбаттап.
Оңаша ойға батып отырды қарт,
Жанында немересі жүрді ойнақтап.
«Алладан басқа жоқ Тәңір,
Мұхаммед – оның елшісі».
Соны айтып жаннат баққа кір,
Иманың – жанның емшісі.
Ата заңымның анасы болған дәстүрім,
Ата салтында – ғажайып ғұрып, жақсы ырым.
Ата бабамның ақ отау, алтын бесігі –
Атамекенім! Алладан соңғы басты ұғым!
Жарлы жұртымның жағасы жыртық...
Жар астында ма жақсылық?
Кетіпті елдің арасын ірітіп,
Жалғанды жалмап жоқшылық...
Тәуелсіздік арманымсың аңсаған
25 жыл бақытты өмір жасаған
баянды болшы бақытым менің бүгінгі
Халқым үшін күтіп сені шаршаған
Жас түлектер бері қара, көңілсал,
Серпінде оқып, керекті бір білім ал.
Уақытыңды босқа өткізіп жүргенше,
Ел қатарлы тегін оқу оқып қал.
Ғашық болдым, бір сұлуға көктегі
Байқамайды, сезімімді шеттегі
Ауыртады жүрегімді сыздатып
Сол сұлуға ғашықтардың көптігі.
Ұрпағымыздың қамы үшін оралғанбыз,
Қазақтың қанынан жаралғанбыз.
Өзге ұлтта жүрмеу үшін ұлтан болып,
Сұлтан болу үшін
Мұқағали жас ұрпақтың пірісің,
Орның бөлек ақындардың бірісің.
Əн мен жырдың таусылмайтын сырысың,
Қазағымның сарқылмайтын жырысың.
Әнұран мен, Елтаңба, Көк туымыз,
Тәуелсіздік бақытты, шаттығымыз.
Бірлігі бар, ұлы дала елімізде,
Татулықпен желбірейді ақ туымыз.
Қазақтың жүрегіне жақын болған,
Ешбір адам тең келмес ақын болған
Дарасың ,данасың сен əрқашанда,
Орның бөлек, ерекше атың қорған.
Ұстаз болу сый етілген өміріне,
Қиын бірақ оны алып жүруі де.
Өмір жолын ұстаздыққа арнаған
Талай мықты ұстаздар бар елімізде.
Ұстаз деген биік тұлға байсалды,
Талай шәкірт жүрегіне ой салды.
Бар ғұмырын ізденіспен, еңбекпен
«Білім» деген ұлы көшке жол салды.
Қыс та келді. Тайды тағы Күз серттен.
Қар жауып тұр күйге ұласып біз шерткен.
Қара жердің айғыз - айғыз келбеті,
Қара қойдың терісіндей тұз сепкен.
Қызым менің,
Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн.
Өз қолыммен өсірген қызғалдағым,
Қаламаймын гүлімнің үзілгенін.
Құл болу құрмет қой, ҚҰДАЙҒА,
Фәнилік ұмытып уайымды.
Нұр шашқан нығметті бұл айда,
Бір түн бар - мың айдан қайырлы!
Елдігім мен теңдігім бүгін таңда
Оңайлықпен келген жоқ ол расында
Желбіресе туымыз аспан көкте
Ел ағасы Нұр ағаның арқасында.
Абай - өлең, Абай - жыр, Абай - дастан,
Ұлы Абайдай ұлың бар, қазақ мақтан.
Ұрпақтан - ұрпаққа жетіп жатыр
Абай жырлары қаймағы бұзылмастан
«Қызыл кітап» жастардың көзімен,
Дәлелдеудің қажеті жоқ сөзіңмен.
Жай ғана ауызбен айту не керек,
Дәлелдегін келсе кәне ісіңмен.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі