Жатсаң – ойда, тұрсаң – жырда, жанған жүрек емі бар. Ілмектер: ой, жүрек, жыр Бернияз Күлеев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жатсаң – ойда, тұрсаң – жырда, жанған жүрек емі бар.
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. — Абай Құнанбайұлы қайрат, ақыл
Әлеуметтік желілердегі "Кімдікі Дұрыс" ойынын ойнау адамдар арасындағы қарым-қатынасты өте төмен деңгейге түсіріп жатыр. — Нарша Булгакбаев Әлеуметтік желі, дұрыс
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме. — Абай Құнанбайұлы қайғы, қызық
Мен көрдiм дүние деген иттiң көтiн, Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiреуi етiн. Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда Көбiнiң сырты - бүтiн, iшi - түтiн. — Абай Құнанбайұлы дүние, ой
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық. — Төле би Әлібекұлы ақыл, ой
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. — Абай Құнанбайұлы ақыл, қайрат
Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды. — Абай Құнанбайұлы тіл, жүрек
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі