Әкең жақсы кісі еді, Жел жағыңа пана еді. Анаң жақсы кісі еді, Жетімдерге ана еді. Ілмектер: жақсы, әке, ана Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Әкең жақсы кісі еді, Жел жағыңа пана еді. Анаң жақсы кісі еді, Жетімдерге ана еді.
Бұл өте жақсы мақал
оте керемммметттт
Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап, көтерген. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірген. жақсы, жаман
Жаман сөз — Жанға кірген тікен, Жақсы сөз — Таптырмайтын ем. жама, жақсы
Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді. әйел, ерлі-зайыптылар
Жақсының жақсылығын айт, Мейірі тассын, Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын. жақсы, жаман
Жақсыдан жаман туады, Бір аяқ асқа алғысыз; Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз. жақсы жаман
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді, Бір жақсы мың қолды ерітеді. жақсы
Су ағады сайменен, Шам жанады майменен. Жақсыға жақсы қосылса, Күн туады айменен. жақсы
Жақсы сөз — жарым ырыс. жақсы, сөз
Айсулу
Бұл өте жақсы мақал
Аяна
оте керемммметттт