бала туралы қазақша әзіл, анекдот

Үш жаңа қазақ балаларын айтып мақтанып отырса керек:

— Ұлым өзіме тартқан іскер. Жылжымайтын мүлікпен айналысады. Ісі оңға басып тұр. Өткенде досына Париждегі пәтерін сыйға берді.
— Менің де ұлым іскер. Қымбат мәшинелер сататын автосалоны бар. Ұсақтанбайды, досына бір су жаңа «Ferrari» сыйлады.
— Біздің бала да жарап тұр — банк ұйымдастырып, аяғына тұрып кетті. Түсінесің бе, досына көлемді несие берді 30 жылға, процентсіз...
Соның арасында оларға төртінші жаңа қазақ қосылады:
— Не айтып жатырсыңдар?
— Бала туралы.
— Ал менің балам, қызтеке! Болмай қалғыр! Сонда да, Парижде пәтері бар, астында «Ferrari», күні кеше 30 жылға процентсіз несие алды. Қалай ғана үйлестіріп жүр, білмеймін...

Ілмектер: бала
WhatsApp Telegram

Қатысты бөлімдер:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз



Ұқсас қазақша әзілдер

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл бетте қандай әзіл берілген?

бала туралы әзілдер мен күлкілі анекдоттар бар.

Бұл беттен тағы не көруге болады?

Осы беттен ұқсас әзілдерді және ілмектерді көруге болады.

Басқа пайдалы бөлімдер: