Көзқарас өзгермейінше, жағдай өзгермейді. Ілмектер: эмоция, оқиға, қабылдау, жағдай, адам Нарша Булгакбаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Көзқарас өзгермейінше, жағдай өзгермейді.
Жақсы басшы эмоцияны басқара біледі, ал ұлы басшы оны шабытқа айналдырады. — Джон Максвелл басшы, эмоция
Теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар белгілі бір психотравмаға (өткен шақтағы оқиға немесе жағдайға) тікелей байланысты пайда болмайды. Ең жойқын теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар — сол травманы бүгінгі күнге дейін қалай қабылдап келе жатқанымызға, және ол туралы не ойлайтынымызға байланысты туындайды. Сондықтан біз бастан өткерген қиындықтар мен кедергілер жайлы көзқарасымызды қайта қарап, өңдеп, өзгертуіміз қажет. Бұл үшін ішкі жан дүниеміз бен сыртқы ортаны кінәламай, шынайы қабылдауымызды, сондай-ақ рационалды, продуктивті және реалистік түрде ойлануымызды сонымен қатар конструктивті дамуды үйренуіміз керек. Бұл тек теория ғана емес — нақты дағдылар мен тәжірибе арқылы қалыптасатын қабілет. Бұл үшін мынадай қадамдарды орындаңыз: 1. Ойларыңызды сырттай бақылаңыз және барынша шынайы бағалауға тырысыңыз. Бұл — өзін танудың және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтірудің алғашқы қадамы. Сіздің ішкі тыныштығыңыз — өз ойларыңызды дұрыс тани білуден басталады. Бірақ бір нәрсені түсіну қажет: ойларыңыз сіздің шынайы болмысыңыз емес, тек санаңыздың уақытша көрінісі (ой дегеніміз ішкі сөздер мен бейнелер). Кейбір ойлар — ескі жаралардың жаңғырығы болса, кейбірі — қорқыныш пен күмәннің көлеңкесі ғана. Сол себепті, әр ойыңызға (сыртқы психологиялық шабуыл кезінде) бейтарап көзқараспен қарап үйреніңіз. Өзіңізден сұрап үйреніңіз: – Бұл ой қаншалықты шынайы? – Мен оны қандай дәлелге сүйеніп қабылдадым? – Бұл ой маған көмектесіп жатыр ма, әлде керісінше шектеп жатыр ма? 2. Барлық жүрегіңізді мазалап жүрген сұрақтардың бәрін миыңызға қоя беріңіз — бұл сіздің ішкі әлеміңізге апаратын жол. Ойларыңызды ақиқат сүзгісінен өткізуге, сенімдеріңізді қайта қарауға, ішкі кедергілерді тануыңызға көмектеседі. Өзіңізге сұрақ қойғанда, асықпаңыз. Әрбір сұрақ-жауап — өзіңізбен шынайы әрі терең сұхбат болсын. Мысалы: "Неге мен бұлай ойлаймын? Неге басқаша емес?" "Бұл ой маған не береді? Қуаныш па әлде қайғы ма?" "Бұл ойларым шындыққа сәйкес келе ме, әлде тек менің ішкі үрейім бе?" "Мені тоқтатып тұрған не / кім?" "Мен кімге / неге сенуім керек?" Осыған тектес сұрақтар сіздің санаңызды сергітеді, көзқарасыңызды кеңейтеді, ал шынайы жауаптар — ішкі тыныштық пен дамудың бастауы бола алады. Сұрақ — бұл ізденіс. Ал ізденіс — бұл өсудің алғышарты. Өзіңізге адал болыңыз, жауап табу ғана емес, түсінуге тырысыңыз. Тек сұрақ қою арқылы адам шын мәнінде өзін қайта танып, қайта қалыптастыра алады. 3. Автоматты, аяқ астынан пайда болатын негативті ойларды бақылаңыз. «Автопилотты» өшіріп, сол ойларды шынайы тұрғыда талдауды (психоанализ) үйреніңіз — бұл ойлау гигиенасын қалыптастырады. Саналы түрде ойларыңыз бен қиялыңызды бақылау — өзіңіздің ішкі әлеміңізге терең үңілуге жол ашады. Әр ойды байқаңыз, бағалаңыз және оны өзгертуге болатынын мойындаңыз. Себебі әрбір ой — сіздің эмоцияңыздың және әрекетіңіздің бастауы. Ал ойдың тазалығы — жан дүниеңіздің тыныштығы мен тепе-теңдігінің кепілі. Негативті ойлармен күресу ғана емес, оларды түсіну, қабылдау, және қайта қарау, ақиқатқа бағыттау — міне, шынайы рухани және психологиялық өсу осыдан басталады. Бұл — өзіңізбен серіктесе өмір сүру, өз санаңызбен үйлесім табу (келіспеушілік пен ішкі соғыс емес). Саналы өмір — автоматизмнен бостандық табу. Өзіңізге мейіріммен қараңыз. Әр ойыңызды дұшпан емес, дос ретінде тыңдаңыз. Себебі ішкі диалог — бұл өз-өзіңізді емдеудің алғашқы қадамы. 4. Күнделік жүргізу — бұл жай ғана жазба емес, ішкі әлеміңізбен шынайы байланыс орнатудың ең тиімді жолы. Әр жазған сөзіңіз — өзіңізбен сырласу, жаныңызды тыңдау, жүрегіңізге үңілу. Ол — ішкі тыныштықтың, түсіністіктің және рухани жетілудің айнасы. Күнделігіңіз сіздің сенімді серігіңізге айналады: — қуанышыңызды бөлісетін, — қайғыңызды тыңдайтын, — ойыңызды жинақтауға көмектесетін, — армандарыңызды шынайы жоспарға айналдыратын. Тұрақты түрде жазу арқылы сіз: — өзіңізді жақсырақ тани бастайсыз, — ішкі дауысыңызды естисіз, — шешімдер қабылдауда айқындыққа ие боласыз, — әрі өміріңізді саналы бағытта құра бастайсыз. Күнделігіңіз — сіздің жан айнаңыз. Онда шындық бар. Онда үміт, ем, жеңіс жатыр. Бүгін бір сөйлемнен бастасаңыз, ертең — өз тағдырыңыз жайлы өмір кітабын жазасыз. Есіңізде сақтаңыз: Күн сайынғы шағын әрекеттер — ертең үлкен ішкі трансформацияға жетелейді. — Нарша Булгакбаев жойқын, теріс
Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда. Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті. Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы. Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі. — Нарша Булгакбаев эмоция, оқиға
Кейде жүрегіміз жарылып кетеді. Иә, шынымен де жүрегіміз жарылып кете жаздайтын шытырман оқиғалар көп болады. Менің ойымша, ондай кезде өліп қалғанымыз дұрыс. Бірақ біз дым болмағандай тірі жүреміз. — Стивен Кинг жүрек, оқиға
Арман, мақсат, жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақытты барлығына тең үлестіру және талпыныс жоғалтпай қажырлы еңбек ету. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, арман
Пікірлер теріс болса сұрау және оларға мән беру — өте маңызды. Әдетте, адамдар жағымсыз эмоциядан аулақ болуы үшін мұндайдан қашық, алшақ жүреді. Бірақ менің ойымша, бұл қате. Сынды ескермеген адам өспейді. — Илон Маск пікір, теріс
Әрбір әрекетті басқаратын эмоциялар, біз оларға еркіндік берсек, біз оларды емес, олар бізді басқаратын болады. — Нарша Булгакбаев әрекет, эмоция
Бақыт пен қайғы – сыртқы дүниеде емес, өз санамызда. Күйзеліс – оқиға не жағдайдан емес, оларға берген мән-мағынадан туады. — Нарша Булгакбаев бақыт, қайғы
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі