Жұлдызы жанған жігіттің Жүрсе, жолы болады. Жарқырап оты үміттің Желі оңынан тұрады. Ілмектер: жігіт, жол Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жұлдызы жанған жігіттің Жүрсе, жолы болады. Жарқырап оты үміттің Желі оңынан тұрады.
Ерте тұрған жігіттің Ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің Бір ісі артық. ырыс, жігіт
Сөз анасы — құлақ Жол анасы — тұяқ. Су анасы — бұлақ. Көз анасы — шырақ. жол, су
Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек, Жылқыда да жылқы бар, Қазан аты бір бөлек. азамат, жігіт
Ер жігіттің басына Нелер келіп не кетпес. ер, жігіт
Ер жігіттің Екі сөйлегені — өлгені. Еменнің Иілгені — сынғаны. ер, жігіт
Жол қуған қазынаға жолығады, Сөз қуған бәлеге жолығады. жол
Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі. ер, жігіт
Қанағат қарын тойғызады, Қанағатсыздық жігіттің Жалғыз атын сойғызады. жігіт, қанағат
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі