Қарнымның ашқанына жыламаймын, Қадірімнің қашқанына жылаймын. Ілмектер: кедей, кедейшілік Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қарнымның ашқанына жыламаймын, Қадірімнің қашқанына жылаймын.
Бай мен бай құда болса, жорға жүрер, Жарлы мен жарлы құда болса, дорба жүрер, Бай мен кедей құда болса, зорға жүрер. бай, құда
Екі бай құда болса - арасында жорға жүреді, Екі жарлы құда болса - арасында дорба жүреді, Бай мен жарлы құда болса - айырылыса алмай зорға жүреді. бай, кедей
Тоқ бала аш баламен ойнамайды, Тоқ кісі аш қалам деп ойламайды. кедей, кедейлік
Кедей болсаң, көшіп көр! кедей, көшу
Бай бір жұттық, Батыр бір оқтық. кедейлік, байлық
Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін. кедейлік, байлық
Қолы қимылдаған адамға, Кедейлік жоқ. Аяғы қимылдаған адамға, Алыстық жоқ. еңбек, кедейлік
Он екі мүшең сау болса Сәулет емей немене?! Он саусағың сау болса Дәулет емей немене?! кедейлік, байлық
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі