Сары үрпек шаш балапан, Торғайға дәріс таратқан. Ілмектер: балапа, дәріс, торғай, парсы мақалы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Сары үрпек шаш балапан, Торғайға дәріс таратқан.
Балапанды торғайлар Өрт болмасын тілейді. Балаларға аналар Дерт қонбасын тілейді. балапан, ана
Құс тамағы үшін қолға түседі, Балапаны үшін торға түседі. құс, балапан
Үйректің балапанын жүзуге үйретпе. үйрек, балапан
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап, көтерген. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірген. жақсы, жаман
Еңкейгенге еңкей, Атаңның қара құлы емес. Шалқайғанға шалқай, Пайғамбардың ұлы емес. тәрбие, өнеге
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі