Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

Ілмектер: Арифметика, математика, ғылым Карл Фридрих Гаусс

Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

Ілмектер: математика, ғылым, пайдалы Роджер Бэкон

Ағаш көркі - жеміс, адам көркі - жақсы іс.

Ілмектер: көркі, адам, ағаш, жеміс Саиф Сараи

ЬІзақордың іші тар.

Ілмектер: ыза, ызақорлық, мінез-құлық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.

Ілмектер: әйел, дүние, көз, байлық, мансап Ғабит Мүсірепов

Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамикасы бар.

Ілмектер: өнер, логика, динамика Асқар Сүлейменов

Қорқуды қойған дұрыс. Алайда қайсарлық пен ессіздікті шатастырып алмауыңыз керек.

Ілмектер: қорқу, қайсарлық Роберт Де Ниро

Өмірде кездесетін әр қиындықтың бір қуанышы болатынын ұмытпаған жөн.

Ілмектер: өмір, қиыншылық, қиындық, қуаныш Ник Вуйчич

Отаншылдық – ең ізгі сезім.

Ілмектер: отан, сезім Лев Толстой

Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды.

Ілмектер: отан, жүрек, адам, өмір Константин Паустовский

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ - деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас.

Ілмектер: отан, ана, қайрат Мұхтар Әуезов

Өз Отанын жан тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы.

Ілмектер: отан, сүю, адамшылық Виссарион Белинский

Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспешілік туғызған.

Ілмектер: отан, ерлік, сүйіспеншілік Жан-Жак Руссо

Білгенге - қиын емес кету байып.

Ілмектер: білім, бай, байлық Міржақып Дулатұлы

Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса - үкімет ісін бөліп қойған оң болады.

Ілмектер: үкімет, қоғам, дін, қазақ, қырғыз Әлихан Бөкейханов

Оқы және үйрен. Маңызды кітаптарды оқы. Қалғанын өмірдің өзі түсіндіріп береді.

Ілмектер: кітап, оқу, үйрену, өмір Федор Достоевский

Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады.

Ілмектер: қыз, ұят, жігіт, махаббат, қасиет, адал Ілияс Есенберлин

Бақыттың емін табатын дәрі-дәрмек жоқ.

Ілмектер: бақыт, дәрі-дәрмек, ем Габриэль Гарсиа Маркес

Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.

Ілмектер: әйел, сұлу, жау Ғабит Мүсірепов

Дәреже адамның киімі секілді, қалай ұқыпты кие білсең, дәрежең де сол қалпы болмақ.

Ілмектер: дәреже, адам Бернард Шоу