Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

...арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар.

Ілмектер: арман, белес Ғабиден Мұстафин

Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе.

Ілмектер: туған тіл, бала Сәбит Мұқанов

Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені

Ілмектер: сөз, халық Сәбит Мұқанов

Тамаққа деген сүйіспеншіліктен шынайырақ сүйіспеншілік жоқ шығар.

Ілмектер: сүйіспеншілік, тамақ Бернард Шоу

Отбасылық өмір екі жастың басына көп міндеттер мен парыздар жүктейді. Әр адам соған дайын болғаннан кейін үйлену туралы шешімге келгені дұрыс.

Ілмектер: отбасы, міндет, үйлену Бернард Шоу

Адамдардың үш тобы бар: бірінші топ Жаратушысын іздеді және тапты. Бұлар ақылды әрі бақытты адамдар. Екінші топ Жаратушысын іздеп жүр , бірақ тапқан жоқ. Бұлар ақылды, бірақ әлі бақытсыз адамдар. Үшінші топ Жаратушыны іздеп те жүрген жоқ, тапқан да жоқ. Бұлар бақытсыз әрі ақымақ адамдар.

Ілмектер: адам, бақыт Блез Паскаль

Оқып шыққаннан кейін оны өзім де жаза аламын деген ойға салатын кітаптар ең жақсылары болып табылады.

Ілмектер: ой, кітап Блез Паскаль

Кеше мен бүгін - біздің амалдарымыз; болашақ - біздің мақсатымыз.

Ілмектер: болашақ, мақсат, амал Блез Паскаль

Бүгін істей алатын істі, ертеңге қалдырма

Ілмектер: бүгін, іс Бенджамин Франклин

Уақыт - ақша.

Ілмектер: уақыт, ақша Бенджамин Франклин

Ақылсыз достан,
Ақылды дұшпан артық-ты

Ілмектер: дос, ақыл, дұшпан Шалкиіз Тіленшіұлы

Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бірге кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап тұрады.

Ілмектер: қыз, мінез, әдеп Ғабит Мүсірепов

Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.

Ілмектер: адам, ой, мұра Баубек Бұлқышев

Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.

Ілмектер: жігіт, сөз Әйтеке би

Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылдығы...

Ілмектер: ұят, адамшылдық Абай Құнанбайұлы

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

Ілмектер: табиғат, адам, өлу Абай Құнанбайұлы

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

Ілмектер: адамзат, сүю, сезу, ақыл Абай Құнанбайұлы

Дүниеде жалғыз қалған адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында.

Ілмектер: дүние, жалғыздық, адам Абай Құнанбайұлы

Атымды адам қойған соң,
Қайтып надан болайын.

Ілмектер: адам, надан Абай Құнанбайұлы

Егер ісім өнсін десең – ретін тап

Ілмектер: іс Абай Құнанбайұлы