Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Рахатпен күресу ашу–ызамен күрескеннен де қиынырақ.

Ілмектер: күрес, ашу Гераклит

Жақсы көлік - жаңа көлік.

Ілмектер: жақсы, көлік, жаңа Генри Форд

Адамдарды жұмыс iстеуге екі түрлі жолмен қызықтыруға болады: еңбекақы мен одан айырылып қалу қорқынышын туғызу.

Ілмектер: адам, қорқыныш, жұмыс, қызықтыру Генри Форд

Егер сіз бірдеңені жасауға қауқарлымын немесе қауқарсызбын деп ойласаңыз — екі жағдайда да сіздікі дұрыс.

Ілмектер: іске асыру, сенім, жағдай Генри Форд

Адамдар күресуден бас тартып, жеңіліске ұшырайды.

Ілмектер: адам, күрес, жеңіліс, бас тарту Генри Форд

Адам қолынан келмейді деп ойлап келген істерді жасай алатынын көрсеткен, адам мүмкіндігінің сферасын кеңейткен нәрселер – орасан зор құнды болып есептеледі.

Ілмектер: адам, сфера, құнды, ой, кеңейту Исаак Ньютон

Ғылымды танып – білуде ережеден мысал пайдалырақ.

Ілмектер: мысал, ғылым, ереже Исаак Ньютон

Жақсы суретшілер көшіреді, ал ұлы суретшілер ұрлайды.

Ілмектер: жақсы, ұлы, суретші Пабло Пикассо

Мен 100 пайыз өзімнің күш-жігерімнен гөрі 100 адамның 1 пайыз күш-жігерінен пайда тапқанды қалар едім.

Ілмектер: күш-жігер, пайда, адам Джон Дэвисон Рокфеллер

Бедел жинаңыз, ертең ол Сізге жұмыс жасайтын болады.

Ілмектер: Бедел, ертең, жұмыс Джон Дэвисон Рокфеллер

Қайсарлықтың арқасында дұрыс болсын, бұрыс болсын, жақсы болсын, жаман болсын – барлығы орындалады.

Ілмектер: Қайсарлық, орындалу Джон Дэвисон Рокфеллер

Бизнеске негізделген достық, достыққа негізделген бизнестен артық.

Ілмектер: бизнес, Достық, негіз Джон Дэвисон Рокфеллер

Адамдармен қарым-қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа нәрселерден артық төлеймін.

Ілмектер: адам, қарым-қатынас, қабілет, тауар Джон Дэвисон Рокфеллер

Әзіл айту мен қарыз алу кенет болу керек.

Ілмектер: әзіл, қарыз, кенет Джон Дэвисон Рокфеллер

Егер бай болу сіздің жалғыз мақсатыңыз болса, онда ол ешқашан орындалмайды.

Ілмектер: мақсат, бай, бай болу Джон Дэвисон Рокфеллер

Маған ойланатын адамдар емес, жұмыс істейтін адамдар керек.

Ілмектер: жұмыс, адам Джон Дэвисон Рокфеллер

Жақсы басқара білу – ол орта қабілетті адамдарға ерекше адамдардың жұмысын қалай істеуге болатынын көрсету.

Ілмектер: басқару, адам, жұмыс Джон Дэвисон Рокфеллер

Мен әрқашан кез-келген сәтсіздікті мүмкіндікке айналдыруға тырыстым.

Ілмектер: сәтсіздік, мүмкіндік, айналдыру Джон Дэвисон Рокфеллер

Бәрін білетін адамнан ынтасы бар адамды жұмысқа қабылдар едім.

Ілмектер: адам, жұмыс, ынта Джон Дэвисон Рокфеллер

Жетістіктің кез-келген түріне қайсарлықтан басқа маңызды қасиет бар деп ойламаймын.

Ілмектер: Жетістік, маңызды, қасиет Джон Дэвисон Рокфеллер