Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Ақшаға сатып алуға болатын дүниелер өмірдің кереметтері емес

Ілмектер: ақша, өмір, керемет Альберт Эйнштейн

“Дүниеде екі нәрсе шексіз: бірі — ғалам, екіншісі — адамның ақымақтығы. Бірақ біріншісіне күмәнім бар”

Ілмектер: шек, ғалам, адам, ақымақтық Альберт Эйнштейн

Менің алдыма түспе – ілесе алмай қалуым ықтимал. Соңыма түспе – бөтен жаққа бастап кетуім мүмкін. Қасымда жүр – жан жолдасым бол.

Ілмектер: жолдас, нақыл, афоризм Альберт Камю

«Қан сасыған хан сарайы» дейді қазақтар. Осыны халық өте ерте түсінген.

Ілмектер: қазақ, хан, қан, халық Қадыр Мырза Әли

Әңгіменің төркіні — әңгіме.

Ілмектер: әңгіме, төркін Қадыр Мырза Әли

Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?!

Ілмектер: өлім, өмір Қадыр Мырза Әли

Еуропа ондаған халықты отарласа, темекі мен есірткі Еуропаны отарлады.

Ілмектер: Еуропа, темекі, есірткі Қадыр Мырза Әли

Бүкіл ақын атаулыны маскүнем ғып көрсету – мақсат емес. Менде ондай ой жоқ. Ал енді ішпейтін ақын тағы аз.

Ілмектер: мақсат, ақын, маскүнем Қадыр Мырза Әли

Дегенмен арақтың істемейтіні жоқ, дәлірек айтсақ, істетпейтіні жоқ.

Ілмектер: арақ Қадыр Мырза Әли

Нағыз қайыршы ұрлық жасамайды.

Ілмектер: қайыршы Қадыр Мырза Әли

Ақынның бірінші бақыты – шығармашылық процесс. Ал қалған тірлігі қараңғы туннель

Ілмектер: бақыт, ақын Қадыр Мырза Әли

Даңқ – ақынның бірінші бақыты емес.

Ілмектер: даңқ, бақыт Қадыр Мырза Әли

Даңқ үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына бөленесің.

Ілмектер: махаббат, даңқ, нұр Қадыр Мырза Әли

Халықтың ықыласына ешкім тиым сала алмайды.

Ілмектер: халық, ықылас Қадыр Мырза Әли

Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.

Ілмектер: махаббат, халық Қадыр Мырза Әли

Ақын – жазушылардың бәрі болмағанмен, біразы әдеби есірмен.

Ілмектер: ақын Қадыр Мырза Әли

Адамның бүкіл өмірі өзін-өзі жұбату, өзін-өзі алдау.

Ілмектер: адам, өмір, алдау Қадыр Мырза Әли

Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ.

Ілмектер: адам, дүние Қадыр Мырза Әли

Шын жақсының бойында болмас кегі.

Ілмектер: кек Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Не нәрсе талаптансаң табылады.

Ілмектер: талап Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Пікірлер