Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Ілмектер: өтірік, шындық Бауыржан Момышұлы

Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.

Ілмектер: отан, қадір Ахмет Байтұрсынұлы

Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?

Ілмектер: ұлт, жан, тамыр Мұхтар Әуезов

Қасиетін сезем деп ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.

Ілмектер: тіл, қасиет Мұқағали Мақатаев

Шешеннің тілі
Шебердің бізі.

Ілмектер: тіл, шешен Абай Құнанбайұлы

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.

Ілмектер: ұстаз, шәкірт Ыбырай Жақаев

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.

Ілмектер: ұстаз, ұстаз, Өмір Александр Македонский

Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.

Ілмектер: тарих Ахмет Байтұрсынұлы

Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!

Ілмектер: жұмыс, сылтау Ахмет Байтұрсынұлы

Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.

Ілмектер: талап, үміт, халық Ахмет Байтұрсынұлы

Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.

Ілмектер: өткен, күй Ахмет Байтұрсынұлы

Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.

Ілмектер: іс Ахмет Байтұрсынұлы

Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.

Ілмектер: алу, беру Ахмет Байтұрсынұлы

Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.

Ілмектер: сынау Ахмет Байтұрсынұлы

Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.

Ілмектер: ес, ас, күш Ахмет Байтұрсынұлы

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.

Ілмектер: борыш, адамшылық Ахмет Байтұрсынұлы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ілмектер: мектеп, мұғалім Ахмет Байтұрсынұлы

Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

Ілмектер: тәрбие Ахмет Байтұрсынұлы

Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.

Ілмектер: жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Ілмектер: тіл, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы