Қасиетін сезем деп ана тілдің, Қауырсыны қалмады қанатымның. Ілмектер: тіл, қасиет Мұқағали Мақатаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қасиетін сезем деп ана тілдің, Қауырсыны қалмады қанатымның.
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Ит мені қапты деп, оны қапсам, адамдық аузымда не қасиет қалады. — Мұхтар Әуезов ит, адам
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады. — Мұхтар Әуезов дәуір, тіл
Қызда қылық болмаса, Құр шырайдан не пайда. Ерге дәулет бітпесе, Шүлдіреген қызыл тілден не пайда. — Бұқар жырау қыз, дәулет
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. — Бауыржан Момышұлы тіл, ұлт
Тұлпардан тұлпар туады, Сұңқардан сұңқар туады, Асылдан асыл туады, Жалқаудан масыл туады, Масылдан малықпас туады, Тілазардан қалжақпас туады, Таздан жарғақпас туады, Сараңнан бермес туады, Соқырдан көрмес туады, Мылжыңнан езбе туады, Қыдырмадан кезбе туады. — Майқы би жалқау, тілазар
Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім. — Сұлтанмахмұт Торайғыров тіл, ана тілі
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі