Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.

Ілмектер: еңбек, жалқаулық, қуаныш, азап Абай Құнанбайұлы

Той деп шашылды, ас деп шашылды, ар, білім деп дәулет шашарға қай қазақтың қайраты жетеді?!

Ілмектер: қайрат, шашылу Ахмет Байтұрсынұлы

Не ойлауды емес, қалай ойлауды үйреткен ата-анама алғысым шексіз.

Ілмектер: ойлау Ричард Докинз

Ішің жақсы болса, сыртың да дұрысталады.

Ілмектер: адам, ішкі дүние Экхарт Толле

Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.

Ілмектер: адам, адамгершілік, сүю Мағжан Жұмабаев

Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз.

Ілмектер: адам, заман Мағжан Жұмабаев

Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат.

Ілмектер: ұят, қиянат Шерхан Мұртаза

Өзіне келер ұятты өзі біліп тұрса игі.

Ілмектер: ұят Төле би Әлібекұлы

Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.

Ілмектер: Ар, махаббат Міржақып Дулатұлы

Ұят қымбат, ар қымбат,
Жаның сүйген жар қымбат.

Ілмектер: жар Қазыбек Келдібекұлы

Кісі малын қымқырып, ары азғандар оңбайды.

Ілмектер: мал, ар Қожа Ахмет Йассауи

Егер надандар тыйылып сөйлемегенде, адамдар арасында түсінбеушілік болмас еді.

Ілмектер: надан, түсінбеушілік Имам Тақи

Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.

Ілмектер: еңбек Абай Құнанбайұлы

Жастықта көкірек зор, уайым жоқ

Ілмектер: жастық Абай Құнанбайұлы

Көптеген кіші амалдар ниетпенен өседі, қаншама үлкен амалдар болса ниетпенен кішірейеді.

Ілмектер: ниет, дәйексөз, амал, цитата Имам Раббани

Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме.

Ілмектер: қарапайымдылық, сұрау, ар Саиф Сараи

Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел.

Ілмектер: Рух, намыс Шерхан Мұртаза

Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады.

Ілмектер: намыс Сырым Датұлы

Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.

Ілмектер: Ар, дәйексөз, жаза Мұхтар Әуезов

Ұяты бармен-ұрыс,
Ұятсызбен-ұстаспа.

Ілмектер: Ұят, дәйексөз Махмұд Қашқари

Пікірлер