Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Кеңістікте — айна қандай рөл атқарса, сағат — уақыт үшін сондай рөл атқарады.

Ілмектер: кеңістік, айна, сағат, уақыт Жан Бодрийяр

Адам — заттан, зат — адамнан еркін бола алмайды.

Ілмектер: адам, зат, еркіндік Жан Бодрийяр

Түкке тұрмайтын бірдеңенің бəсін көтеру үшін — оның маңайында едəуір бос қуыс жасалады.

Ілмектер: бәс, қуыс, маңай Жан Бодрийяр

Көзқарас — бойға бітер қасиеттің ең қатерлісі.

Ілмектер: көзқарас, қасиет, қатер Жан Бодрийяр

«Жекелеген қайта құру» деген болмайды: ол — барлық жерде бірдей жүзеге асуға тиіс құбылыс.

Ілмектер: қайта құру, құбылыс, жер Жак Деррида

Лениннің «əулиелігі» — Мəскеудің Иерусалим атанғаны сияқты.

Ілмектер: ленин, Мәскеу, Иерусалим, әулие Жак Деррида

Тіл — ұзақ-сонар қызыл-жасыл метафорасыз күн көре алмайды.

Ілмектер: тіл, метафора, күн Жак Деррида

Таза «иə» болмайтыны тəрізді, таза дарын деген де болмайды.

Ілмектер: таза, иә, дарын Жак Деррида

Тілге бұйырған тағдырдың өзі — тəннен бөлініп шығу.

Ілмектер: тіл, тағдыр, тән Жак Деррида

Із — тəннің бір бөлшегі.

Ілмектер: із, тән, бөлшек Жак Деррида

Бір мезгілде əрі талдап отырған мəтіннен көз жазып қалмау, əрі өзің тапқан дүние боларлық бірдеңе жазып шығу — мүмкін емес.

Ілмектер: мәтін, талдау, дүние Жак Деррида

Жай-жапсарын толық тəптіштеп əңгімелеу деген — маңызды деталь дегеннің бəрін сүзгіден өткізіп, сұрыптауға жатады: яғни цензура жасау деген сөз.

Ілмектер: әңгіме, деталь, цензура Жак Деррида

Əдеби дəстүрдің тілдің өзімен таласып, оның сыртынан да бірдеңе тауып алғысы келгенінде тұрған ештеңе де жоқ.

Ілмектер: әдебиет, дәстүр, тіл, талас Жак Деррида

Ең бір сеніп қалуға болмайтын нəрсе — тарихтың метафизикалық ұстыны.

Ілмектер: сенім, тарих, метафизика Жак Деррида

Оқырман не бəрінен хабардар, не ештеңе білмейтін болуға тиіс.

Ілмектер: оқырман, хабардар, білмеу Жак Деррида

Ортақ ереже болмаса — ешкім ешкімге ешқашан ортақ кеңес бере алмайды.

Ілмектер: ереже, кеңес, ортақ Жак Деррида

Деректің өзі — теория: сипаттап берсең болғаны.

Ілмектер: дерек, сипат, теория Жак Деррида

Нүкте қашанда қалауыңызға қарай қойылады.

Ілмектер: нүкте, қалау Жак Деррида

Кітаптың соңы — жазудың басы болмайды.

Ілмектер: кітап, жазу, соңы Жак Деррида

Тəжірибе жинақталса болды, басқа бірдеңеге сілтеме жасау деген де сумаң етіп шыға келеді.

Ілмектер: Тəжірибе, сілтеме Жак Деррида