Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Төмен адамға ақша, орташаға — ақша мен құрмет, ал тәуір адамға құрмет қажет.

Ілмектер: ақша, құрмет, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үнді даналығы

Қас жауыңды анықтағың келсе — атақты бол.

Ілмектер: атақ, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Шындық — бас шабатын айбалта, бұл өтіріктің тамырын шабатын айбалта.

Ілмектер: шындық, өтірік, тамыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өзіңнің барлық болмысыңмен уәде беруден аулақ бол.

Ілмектер: уәде, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үнді даналығы

Іс пен сөздің ақтығы — ел көзінде ірі етеді,
Пейіл мен сезім пәктігі — өлген соң да тірі етеді.

Ілмектер: іс, пейіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөз, сезім Сайын Назарбекұлы

Әлемді билеген ерді әйел билейді.

Ілмектер: әлем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әйел, билік Сайын Назарбекұлы

Отаныңның түтіні де тәтті.

Ілмектер: отан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, түтін, тәтті Овидий

Ақымақ туғанға ғылымның қажеті қанша, соқыр туғанға айнаның қажеті қанша.

Ілмектер: ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ғылым, айна, соқыр Үнді даналығы

Ұйқыдан көзің іссе емі жоқ — мастықтан.
Жұмыстан қолың іссе емі бар — ыстық нан!

Ілмектер: ұйқы, мастық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нан, ем Сайын Назарбекұлы

Ақиқат — уақыт перзенті.

Ілмектер: ақиқат, уақыт, перзент, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Овидий

Дана өз тағдырын өзі жасайды.

Ілмектер: тағдыр, дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Тит Макций Плавт

Тәнді баптап еткен еңбек босына,
Сана үшін — нағыз еңбек, осы да.

Ілмектер: тән, еңбек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үнді даналығы

Өзгені жеңуден өзіңді жеңу қиынырақ.

Ілмектер: жеңіс, нақл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Кемшіліксіз дос іздеген доссыз қалмақ.

Ілмектер: дос, кемшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Биант

Ең ерен ерлік — ой ерлігі.

Ілмектер: ерлік, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Анатоль Франс

Дәрежеге түлкілікпен жеткен, қасқыр боп пайдаланады.

Ілмектер: дәреже, түлкі, қасқыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Жуковский

Орынсыз шашпалық — мырзалықтан гөрі ақымақтыққа жақынырақ.

Ілмектер: ақымақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мырзалық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Тарихты білмейсің бе, демек өмір бойы баласың.

Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір, бала Цицерон

Алтын — темірден қылмыскерлеу.

Ілмектер: алтын, темір, қылмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Овидий

Патшаның ең қымбаттысы — патшалығы,
Патшалығында — астанасы,
Астанада — сарайы,
Сарайында — төсегі,
Төсегінде — сұлуының махаббаты.

Ілмектер: сарай, махаббат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, патша, қымбат Үнді даналығы