Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Ұрыс өнері дегеніміз — бұл ұрысты азырақ шығынмен жеңіп шығу деген сөз.

Ілмектер: ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұрыс идеалы дегеніміз — бұл ұрысты шығынсыз жеңіп шығу.

Ілмектер: ұрыс, идеал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сырты сұлуды айтқанша, іші сұлуды айт. Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.

Ілмектер: сұлу, жүрек, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Біздің жерімізде еркек — діңгек, әйел — гүл. Діңгек — жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел — құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.

Ілмектер: еркек, нақыл, әйел, діңгек, қанатты сөздер, афоризм Бауыржан Момышұлы

Тек әділдіктің күшінің арқасында ғана әділ жандардың әділеттілігі өмірден орын алады.

Ілмектер: әділдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Бауыржан Момышұлы

Соғыстың мәңгілік тақырыбы қасиетті төгілген қан болып қала береді.

Ілмектер: соғыс, қан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қатал соғыстағы адамдар — шығарманың материалы. Олардың бейнелері мен портреттері — ғасырлар бойы өзінің терең мәнін жоймайтын дәуір мен халықтың мүсіндік бейнесі, себебі олар қайталанбайтын уақыт пен жағдайларда жасалынған.

Ілмектер: соғыс, адам, уақыт, бейне, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Күрестің мән-мағынасын терең көркемдікпен ашып көрсету — хас суреткердің ұлы міндеті мен парызы.

Ілмектер: күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, парыз, міндет Бауыржан Момышұлы

Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады.

(с) Абай Құнанбайұлы

Ілмектер: Адамдықты ұмытпа Абай Құнанбайұлы

Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады.

(с) Абай Құнанбайұлы

Ілмектер: Адамдықты ұмытпа Абай Құнанбайұлы

Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол.
Асығыс түбі – өкініш,
Ойланып алмақ – сабыр сол!

(с) Абай

Ілмектер: сабыр берсін санаға, Сабыр-түбі сары алтын Абай Құнанбайұлы

Кім қорғана алмаса, сол өледі.

Ілмектер: қорғану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Бүгінгі іс-әрекетіміздің сәтсіздік тәжірибесі, ертеңгі күнгі сәтті ісіміздің хабаршысы болуға тиіс.

Ілмектер: сәтсіздік, ертең, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сақтық жасай отырып, батыл түрде қимылдау — батырдың басты қасиеті.

Ілмектер: батыл, батыр, қасиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Соғыс өзімізді өзіміз және басқаларды тануға бейнебір таным айнасы болды.

Ілмектер: соғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өмір үшін күрес — ұрыстағы қорғаушы күш.

Ілмектер: өмір, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Абсолютті батыр да, абсолютті қорқақ та жоқ.

Ілмектер: батыр, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жеңіс өздігінен келмейді.

Ілмектер: Жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Болған оқиғаны шын мәнінде болған күйіндегідей етіп суреттеу, көрсету — бұл тұрпайылық, үстірттік емес, бұл да өнер.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Құран түсінсең кешпейсің баз. Тағдыр — тәрбие, Алла — ұстаз.

Ілмектер: құран, тағдыр, Алла, Тәрбие, ұстаз Нарша Булгакбаев