Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"Балаларға қатысты әзілдер" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "Балаларға қатысты әзілдер" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.
Балаларға қатысты әзілдер
Ілмектер: ең қызықты анекдоттар, Балаларға қатысты әзілдер, әзілдер, анекдоттар, бала
Тәрбиеші:
— Арман, қазір сені бұрышқа тұрғызып қоямын!
— Ал мен онда желдетіп тұрамын.
***
Ерлі-зайыпты мамыр мерекелерін қалай өткізу туралы ойланып жүрген еді. Арман мектептен ішек вирусын жұқтырып келіп, бұл сұрақтың жауабын тауып бергендей.
***
— Бас киіміңді ки!
— Апаааааа!
— Апалай бермеші!
— Шешееее!
— Ой, сұмдық-ай! Одан да апа дей берші!
***
Мәрия әкесіне сұрақ қойып тұр:
— Әке, сіздің анаңыз бір кездері сізді ұрып-соқты ма?
— Жоқ, тек сенің анаң болмаса!
***
Ертегінің қорқынышты болғаны сонша, тәрбиеші бірінші бөлімнен кейін бүкіл топты сыртқа шығарып жіберді.
***
Ақымақ Иван патшаға келеді:
— Мен уәдемді орындадым, міне, айдаһардың басы. Сіз сөзіңізде тұрасыз ба?
— Иә, міне, ханшайымның қолы.
***
Карлсон шатырды паналағысы келген үйсіз-күйсіз адаммен төбелесіп қалыпты.
***
Баланың болмысы езуге еріксіз күлкі үйіреді. Күлкілі анекдоттардың негізін өмірдегі оқиғалар, ертегілер мен мультфильмдер құрайтыны содан болар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі