Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (12) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (1)

"апат" туралы Әзіл, анекдоттар

"апат" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "апат" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Тыйым салынған жерден бұрылыс жасамақ болған әйел жүргізуші бір ер кісінің көлігін соғады. Бақыттарына орай быт-шыты шыққан көліктерден екеуі де аман сау шығады. Еңбектеп, әрең дегенде сыртқа шығып әбіржіген түрде екеуі бір-біріне қарап күліп жібереді. Ашу мен өкініш те көрініс тапқан күлкіні әйел бірінші үзіп:
- Көліктеріміз быт-шыт болғанымен, екеумізге де ештеңе болмапты. Міне қызық! Сіз еркек мен әйел, меніңше бұл екеуміздің танысуымыз үшін белгі болса керек! Өміріміздің соңына дейін дос болып қалуымыз керек,- дейді. Ер кісі:
- Сөзіңіздің жаны бар!- дейді. Әйел:
- Қараңыз көлігім астан кестені шығып, аударылғанымен ішінде мен және мына шөлмектегі шарап аман қалыппыз! Айтсаң ешкім сенбес! Меніңше біз дәл қазір осы шөлмекті бөлісіп, аман қалғанымыз бен таныстығымызды жууымыз керек,- деп бөтелкені ер кісіге ұсынады. Апат салдарының абыржуы кете қоймаған кісі шөлмекті жартысына дейін ішіп, қалғанын әйелге ұсынады. Қолындағы тығынмен бетін жапқан әйел, шөлмекті өзіне қайтарады. Таң қалған ер кісі:
- Сен не ішпеймісің?- деп сұрайды. Сондағы әйелдің айтқан жауабы:
-Жоқ! Мен МАИ қызметкерінің келуін күтемін! ))

Ілмектер: Жол, апат
WhatsApp Telegram