Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (37) Ұлағатты сөздер (25) Әзіл, анекдоттар (1)

Төсек тартып жатқан төреші өлер алдында патшаны шақырып:
- Мен енді өлейін деп жатырмын. Төрешілікті саған тастап кетіп барамын.
- Мен қалайша дауларды шеше аламын?
- Еш уайымдама. Егер алдыңа ақылды адам мен тентек келсе, әуелі ақылдыны тыңда, сосын шешімін соған қарап бер. Егер екі тентек келсе, мәселесін сот төрағалары-ақ шешіп тастайды.
- Жарайды. Егер екі ақылды келсе ше?
- Өй, болмайтын әңгіме ғой. Қырық жылдан бері төреші болып, екі ақылдының келгенін көрмеппін.

Ілмектер: патша, тентек, ақылды