Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (11) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (13) Әзіл, анекдоттар (2)

"жалқау" туралы Әзіл, анекдоттар

"жалқау" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "жалқау" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Баяғыда екі жалқау болыпты. Жалқаулықтары соншалықты — тіпті еріндерін қимылдатуға да ерінеді екен. Күндердің бір күнінде екеуі алма ағашының түбінде жатып, бірінің көзі көк алмаға түсіпті де:
— Алма, піс те аузыма түс! — депті.
Сонда екіншісі оған:
— Ерінбей-жалықпай соны қалай айттың? — депті.

Ілмектер: жалқау, еріншек, алма
WhatsApp Telegram

Кезекті бір жиындағы Назарбаев пен Путиннің арасындағы әңгіме
— Нұреке, өзіңіз білесіз, бәрі күнкөріс үшін бізге келіп жатыр. Украиналықтар, Молдавандар, тәжіктер, қырғыздар, өзбектер бәрі, бәрі осында жүр. Бір қызығы, ішінде бірде-бір қазақ жоқ қой. Неге сенің қазақтарың бізге келіп жұмыс істеп, ақша таппайды?
— Вова, айтсам сенбейсің. Олар өз елімізде де жұмыс істемейді ғой...

Ілмектер: Назарбаев, Путин, Қазақ, жұмыс, жалқау
WhatsApp Telegram