Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (18) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (14) Әзіл, анекдоттар (3)

"Әскер" туралы Әзіл, анекдоттар

"Әскер" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "Әскер" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Әскерде:
— Бұл жерге келудегі мақсатың не?
— Біріншіден, Отанды қорғау!
— Дұрыс.
— Екіншіден, әскер мені шыңдайды.
— Жақсы.
— Үшіншіден, әскерге барасың ба деп, менен ешкім сұраған жоқ.

Ілмектер: әскер
WhatsApp Telegram

Әскерге барғанда дейін ұйқым тыныш болатын. Әскерде жүргенде ұйқыдан маза кетті. Себебі өзім тыныштықты күзеттім. Әскерден кейін алаңсыз ұйықтай алмайтын болдым. Себебі бәтшағарлардың қалай күзететінін жақсы білемін.

Ілмектер: әскер, ұйқы
WhatsApp Telegram

Медициналық тексеру кезінде жас жігіт әскерге жарамсыз болу мақсатымен көз дәрігеріне кіреді. Дәрігер тақтайшадағы әріптерді көрсетіп сұрайды:
- Мынау қандай әріп?
- Қай әріп?
- Мына тақтайшадағы әріптерді айтып тұрмын, көрмей тұрсың ба?
- Қандай тақтайша?
- Міне мына қабырғадағы ілулі тақтайша.
- Ол жерде қабырға бар ма не?
Ақыры әскерге жарамсыз болып шығады. Сол күні кешке әлгі жігіт кинотеатрға барады. Кино бітіп жарықтардың қосылуымен жанына қараса, күндіз өзінің әлгі қабылдауында болған дәрігерді көріп қалмай ма?! Дәрігер де оны танып қояды. Дәрігер енді сөйлей бастағанда, жігіт бірінші болып дәрігерден сұрайды:
- Кешіресіз ағай, қателесіп мінбеген сияқты едім ғой, бұл Айнабұлаққа баратын автобус емес па?

Ілмектер: тексеру, жігіт, дәрігер, Әскер, Шәріп
WhatsApp Telegram