Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (30)

Оттама!

Бұл өмірде ақылсызға жоқ баға
Ұқпайсың ба?Кері шегін,тоқта да
Білер болсаң,білгеніңді айт ақырын
Білмейсің бе?Оттама!

Толық

Намыс қайда,жігіттер?

Намыс қайда жігіттер,намыс қайда?
Жүректегі ”елім” дейтін қағыс қайда?
Жерлеріне бөтен аң кіріп келсе
Арыстан да жан үшін алыспай ма?

Толық

Шүкір ет!

Алмақтың да қарамай салмағына
Соғылған соң артамыз жарға кінә
Жемге ұмтылған балықтай бір күндері
Ілінеміз тағдырдың қармағына..

Толық

Аяқталған ертегі!

Нелер алдым,бердім нені,бермедім?
Тақпадым ба тым артықтау елге мін?!
Көкке ұмтылып қоймадым ба байқамай
Ұмытылып кеткен жоқ па жердегім?

Толық

Тəубеге кел!

Пах-пух,тарс-тұрс жаңғырады айнала
Қарамастан кедейіңе,байға да
Маңдай термен,айлап тапқан ақшаңды
Бір ақ сәтте жібердің жарып жәй ғана

Толық

Құлшылық

Шүкір де көңіл,алашағым аз деме
Тағына да,құнықпа алтын тәжге де
Нағыз бақыт нұры көктен төгіліп
Алғаш рет құладым бүгін сәждеге

Толық

Тар маңдай

Қимайсың ау аядай ғана бөлмені
Сыртқа сүйреп әкеңді жатқан төрдегі
Мың сан күнде сыр бермес асқар тауыңның
Бір ақ күнде сынды емес пе шөлмегі

Толық

Түрлі түстім...

Қарадың да қаймықпай өткенге мың
Сыр бермедің сабырлым,кектенбедің
Ашуынан құстар да үрікпейтін
Таңдай ашық,көк жүзді көкпеңбегім

Толық

Тыңдашы қазақ қарындас!

Жүргеніңмен бір сәттік қызық құрып
Нәпсіңнің бар есігін бұзып кіріп
Жалғандағы жасаған бар күнәңнің
Білмейсің ау санайтынын тізіп тұрып

Толық

Сүйме мені...

Аллам әлі саған артық сый береді...
Ханшадай шалқып көңіл күймедегі
Мен оңбаған адаммын жек көріп кет
Жек көріп кет,ешқашан сүйме мені!

Толық

Күліп кет!

Күліп кет
Отырайын...көңілімде қалып кек
Келеріңде ала келген үмітті
Керек емес...алып кет

Толық

Тартып алам!

Жетістікке қалғанда жарты қадам
Мұз жатады алдыңда жалтыраған
Төрт аяқтап жетсемде ей тағдырым
Өзімнің сыбағамды тартып алам

Толық

Арақашықтық

Мың шақырым,тым алыс арамыз
Шыдауғада келмейді-ау шамамыз
Телефонмен көңіл жұбатсақта
Байқайсың ба...суып барамыз

Толық

Ерте келдің...

Көркіне күн таласпас көркемі елдің
Жақындасам күйермін,өртенермін
Шанағына жабысып домбырамның
Білмесең де шіркін ай шерте бердің

Толық

Кім келіп,кім кетпеген?

Көңілсіздік...
Жауапсыз сезім,сұрақ
Арнасынан тасыған төзім-бұлақ
Кеше ғана бүп-бүтін жүрегімді

Толық

Қателестің...

Қиналар деп ойлап пе едің кетсем егер?
Ойың таяз. Көрдің бе... қателестің
Сен лай су, шалшығыңмен шектесе бер
Лас жерде мекендейтін бақа емеспін

Толық

Не істеп едім?

Жауынсыз ақ қара ағаш биіктей ме
Жалынсыз да жүремін күйіп кейде
Тап бір маған өкпесі бар адамдай
Өтті алдымнан қабағын түйіп бейне

Толық

Енді мүлде айтылмайды "біз" деген!

Енді мүлде айтылмайды "біз" деген
Қыс алдында бір күрсінді күзгі өлең
Арқама кеп отырмайсыз еркелеп
Құшақтаспай мен де жүрем сізбенен

Толық

Малика

Есіміңді атап мен бұрын жазбаппын өлең
Пілтесі баяу көңілдің маздапты,күрең
Тек көңілсіз əуендер билеп алыпты
Біз баратын,сүреңсіз,саз бақты кілең

Толық

Қош бол,аға!

Құман аға,таудан биік тұлғам ау
Жалғанда бұл,уақытқа тəн сырғанау
Мұншалықты ауырлығын кім білген?
Мойын бұрып артымызға бір қарау

Толық