Бипыл
Асар кер жүрмейді шалдыққанда
Еркін даусым келмейді қарлыққанда.
Ахау, тәнім-ай,
Талма, менің жаным-ай,
Сірен тартыр сілекей шөлдегенде
Көздің жасы көл болар еңірегенде
Күндіз күлкі көрмеймін,түнде- ұйқы,
Ішкен асым батпайды сен дегенде.
Ұшады аққу көлден байпандаған,
Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған.
Су құйып сырлы аяққа тұндырғандай,
Көзіңнен айналайын жаутандаған.
Алып келген базардан қыжым кебіс,
Сілекейі қалқаның болар жемәс.
Жел тимесе,күн тимес деген сөз бар,
Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.
Жылқысы біздің елдің ала мойын,
Су ішіп айдын көлде салады ойын.
Сүйеніп тал құрыққа тұрғанымда
Қалқада әрқашанда болады ойым.
Көк ала үйрек ұшады көлге қарсы
Жануардың ұясы желге қарсы.
Сағынғанның белгісі сол емес пе,
Орамалға тамады көздің жасы.
Дүние-ай, өткенің бе екі келмей,
Табаны тарлан боздың гулер желдей.
Сағындым, айнам,
Сағындым сені.
Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немножка.
Не стоит на свете жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей, молодушка.
Дегенде ырғи-қырғи,ырғи-қырғи,
Қанаты құйрығынан ұзын қырғи.
Барынды оралыңның ойна да күл,
Барады өтіп заман сырғи-сырғи,
Қарағым, айналайын, қалқажаным,
Сенбе едің, бұл жалғанда бар арманым.
Ала алмай хабарынды коптен бері,
Болғанмен сыртым бүтін, іште жалын.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі