Қырсығым
Қырсығым!
Белгілі ғой маған сенің қыр сырың.
Бүлдіршіндей еркелесе ақымақ,
Ашуланса "Төле би"дей шыншылым.
Көтересің көңілді өзің күліп,
Береке кіргізеді төзімділік.
Қалай көрсең —
дәл солай көрсетеді,
Жүрегім жалғызсырап алаңдама,
Мені ойлайтын бір жан бар, Анам ғана!
Ол қорғаушы періштем өмірдегі,
Туылғандай қарайды маған жаңа.
Жүрегімді тамаша шуаққа орай,
Ғашық болғым келеді !
Бірақ қалай ?
Сүйіп кіріп кеудемді қиып шығып,
Жігерім арманға көп сұғынғанда,
Өміріме қиындық шұбырғанда.
Поезд жолға арнамды бұрып тұрам,
Үміт жолы ұзаққа жығылғанда.
Бақытын тауып өлеңнен,
Құрметіне елдің бөленген.
Ғаламат күшті көрем мен,
Сіздегі тылсым әлемнен.
Табиғаттың тымымына бағынып,
Төр жыл бұрын төңірегін түңілтіп.
Бейсенбіде баршаға жас алдырып,
Ақын кетті бұл өмірді қалдырып.
Арқаның құрсағынан алып туған,
Тұлғалары отша лаулап жанып тұрған!
Бойында ұлттық рухтың оты маздап,
Алты алашқа ұл-қызын таныттырған.
Өткінші өмір,өткінші жаңбыр секілді,
Бүгін бақыт,ертең қайғы өтпелі.
Келмек барда,кетпек барын ұмытпа
Сол себепті бағала сен бес күнді.
Тыныштық... Қою түн... Қараңғы,
Жаулайды сансыз ой санамды.
Түнекке беріліп кетемін,
Ойға алып көкжиек даламды.
Мен қазақпын ұрпағымын көк бөрінің
Қазақтың өшпей өткен өткелі мың
Қазағым аспаныңды бұлт шалмасын
Жарқырап тұра берсін көкте күнің.
Тар жолменен тайғақ ғұмыр кешкеннен,
Жеңе білген қиындықты кез-келген.
Егемендік ұран алдық ортаға,
Тәуелсіздік желі келіп ескеннен.
Ақтөбемнің қойнауы қазынаға бай,
Көп көрмесін бірақта мұны Құдай.
Табаныммен жеріңді басып жүріп,
Өзіңе арнамаймын жырды қалай.
Өзіңді өзгеге мен қия алмаймын.
Өзгені өзіңдей мен сүйе алмаймын.
Бір минутта жүрегім қанша соқса,
Бір күнде соншама рет сені ойлаймын.
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі