Шүкір ет
Жалғанда мынау қанша мың
Әсемдікке тамсандым
Күпірліктен аулақпын
Шүкіршілік әр таңым
Жау жағадай алғандай,
Ит балақтан қапқанда.
Карантиніңді қайтейін
Елімді су ап жатқанда.
Бақытты бағалаған түсінед шын,
Тағдырдың әрбір сыйын үкіліп мың.
Қиындық атаулыға, босқа сынып,
Келмейді болмашыға күпір еткім.
Ашылған көз тұра ма бiр зат көрмей,
Миға хабар бермей ме түсi өзгермей.
Әдейiлеп көрейiн демесең де,
Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей?
Қазақпын, еркін, азатпын,
Ұрандап солай жар салам.
Бабаларым бұл ғажап күн,
Тәуелсіздікті аңсаған.
Қызғанатын жәрдемсіз,
Туыс пенен дос жаман.
Ақталатын толымсыз,
Ұры менен бай жаман.
Иманға шын берілген,
Тойсыз да өмір сүре алар.
Еңбекке шын берілген,
Əнсіз де өмір сүре алар.
Залымдар бірдей ойлайды,
Барлығы алмисах серт бұзған.
Ізгілер жауыз болмайды,
Солармен күресіп әлек болған.
Ата-анаға кұрмет қыл,
Аманат жүгі түскенше.
Қарыздан ешкім құтылмас,
Қабірге жаны кіргенше.
Кешіре біл, жақыныңды, жарыңды,
Сатқындықты, жауратса да жаныңды.
Өткеніңе өкінбеші өйткені,
Пешенеңе бұйырғаны жазылды.
Күмбез - аспан,
Күміс - су, жібек желі,
Ғасырлар тарихының куәгері.
Ұлы Жібек жолына орналасқан,
Көшесімен өмірдің жүріп келем,
Ыстығына шарпылған "күйік" денем.
Желдерінен жаураған жүрегіме,
Жақсылықты жылытып жиып келем.
«Жан денеден жалықты,
Жанды ал»,– дедім Жарыма.
«Ол сасыған балық-ты,
Кім құмар,– деді,– жаныңа».
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі