Өмірлер
Уақытша айыру өлім дейтін,
Қимай қоштасып кетерміз.
Шын махаббат жан мен тәнде,
Қайтып айналып келерміз.
Кешіре біл, жақыныңды, жарыңды,
Сатқындықты, жауратса да жаныңды.
Өткеніңе өкінбеші өйткені,
Пешенеңе бұйырғаны жазылды.
Күмбез - аспан,
Күміс - су, жібек желі,
Ғасырлар тарихының куәгері.
Ұлы Жібек жолына орналасқан,
Көшесімен өмірдің жүріп келем,
Ыстығына шарпылған "күйік" денем.
Желдерінен жаураған жүрегіме,
Жақсылықты жылытып жиып келем.
«Жан денеден жалықты,
Жанды ал»,– дедім Жарыма.
«Ол сасыған балық-ты,
Кім құмар,– деді,– жаныңа».
Ізетті өскен ұл бала,
Ар мен намыстың жөнін білер.
Ибалы өскен қыз бала,
Əдеп пен ұяттың жөнін білер.
Не айтам саған, жаным-ай, не айтам саған
Кете бердім жолменен шайтан салған.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ».
Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
Өмiрдiң ұнап ойынын,
Шатыраш ойнап жүрмiн шат.
Жер ашып тұр қойынын:
«Кел жылдам,– деп,– көрге жат!»
Гүлдеген, біткен жапырақ,
Бүтақтары салбырап,
Уақыты еді жетілген
Көз тартарлық балбырап.
Шіркін, түк білмейтін бала болсам,
Ащы шындық айтуға асықпас ем.
Мүмкін жолымда талай адаспасам,
Жәннат кілтін ашуға тырыспас ем.
Қазақ деген атың сөнбесін деп,
Қазақ деген тілің өшпесін деп,
Қазақ дейтін даңқты ел көркейсін деп,
Жауыңның бар кінәсін сабырмен айтта, кешір.
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі