Үлгеру...
Талпынамыз жақсы өмірді сүруге,
Барлық жанның бабын тауып, жүруге.
Үй мен жұмыс, кездесу мен кептеліс,
Жылап жүріп, үлгереміз күлуге.
Күлімдеймін.
Мен жылағым келгенде.
Күлімдеймін. Сен көкірек кергенде.
Көп адамдар елемейді ау əйелдің,
Бірде мен сұрадым өмірден,
Не жақсылық бердің сен?
Ол жай ғана сыбырлады,
Лайықты өмір сүрдің сен.
Әр адамның өз кілті бар,
Иә,иә таң қалмаңдар.
Өз сандығын ашатын,
Бақыт деген бастауға жол салатын.
Алла саған өмірді бергеннен соң,
Адам болып дүниеге келгеннен соң.
Уақытың жүгірумен кетед(і) екен,
Мына күйбен тірлікке енгеннен соң.
Өмір дейтін кең ағысты толқында,
Көтере біл қайғы менен бақты да.
Бірде ащы, бірде бал боп өтетін,
Бұл өмірдің сиқыры да осында.
Біреу-биік, біреу- құзда, алыста,
Біреу-шыңда,біреу-белде, ғарышта.
Бұл дегенім сана-ақыл өлшемі,
Қадам бассаң руханияттан адаспа.
Өмір деген арпалыс қой дүрбелең,
Өтіп жатыр өмір жалған күнменен.
Кейде сәтті, кейде сәтсіз күн туып,
Жүректегі жан қалауын білмеген.
Бұл өмірдің ақ қарасын көргенбіз,
Көре тұра дегеніне көнгенбіз!
Алма-кезек өтіп жатқан өмірге,
Біз уақытша келгенбіз!
Табиғаттың қойнауында сан сыр бар,
Сыр секілді адам - жұмбақ жансыңдар.
Өмір-өзен, тағдыр болса табиғат,
Әрбір адам бір-бір биік таусыңдар!
Өмiрдiң ұнап ойынын,
Шатыраш ойнап жүрмiн шат.
Жер ашып тұр қойынын:
«Кел жылдам,– деп,– көрге жат!»
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі