Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (102) Өлеңдер (482) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (609) Әзіл, анекдоттар (4)

Өмір

Сен, өмiр,
Қаталсың, қаттысың.
Ащысың!
Сонда да тәттiсiң.

Толық

Тәтті тілек

Өмір деген арпалыс қой дүрбелең,
Өтіп жатыр өмір жалған күнменен.
Кейде сәтті, кейде сәтсіз күн туып,
Жүректегі жан қалауын білмеген.

Толық

Өмір деген

Бұл өмірдің ақ қарасын көргенбіз,
Көре тұра дегеніне көнгенбіз!
Алма-кезек өтіп жатқан өмірге,
Біз уақытша келгенбіз!

Толық

Шыда

Сынақ келсе, шыда тағы, сәл шыда,
Өз-өзіңді жегідей деп жаншыма!
Қайғы келсе қамықпағын, қайраттан,
Өз-өзіңді өрге қарай қамшыла!

Толық

Тау - адам

Табиғаттың қойнауында сан сыр бар,
Сыр секілді адам - жұмбақ жансыңдар.
Өмір-өзен, тағдыр болса табиғат,
Әрбір адам бір-бір биік таусыңдар!

Толық

Өмірдің ұнап ойынын...


Өмiрдiң ұнап ойынын,
Шатыраш ойнап жүрмiн шат.
Жер ашып тұр қойынын:
«Кел жылдам,– деп,– көрге жат!»

Толық

Өмір мәні неде?

Ата-ана үшін өмір мәні бала екен,
Ал, еменге өмір мәні дала екен.
Талай адам мәні жоқ өмір сүрді
Талай адам өмір мәнін іздеп жүрді.

Толық

***

Өмір маған ұнайды соңғы кезде,
Соңғы кезде жібіді тоң мінез де.
Сені ғана ойлаймын бұл күндері,
Керегі жоқ секілді жанның өзге.

Толық

***

Күмбірлетсе жаңбыр күйін,
Күңіренген кеудем әр күз.
Билеп жүрміз тағдыр биін,
Кейде жұп боп, кейде жалғыз.

Толық

Кешір өмір

-Бар күшіңді жақсылыққа арнайтын
Жан едің ғой қиындыққа сынбайтын.
-Кешір өмір, тағдыр жазса бірақ та
Мықтының да кезі болар жылайтын.

Толық

Өмір

Жүректе сезім  болмаса,
Адамды адам кім қылмақ?
Адалдың сөзі қонбаса,
Болады сонда ұялмақ.

Толық

Дос

Айналаң жан жолдас,жақындарың,
Мәңгілік деп ойлайсың бұның бәрін.
Сыналар уақытымен бұл достарың,
Көрерсің қиындықта шын тұлғасын.

Толық

Уақытша

Күйбең тіршілік өмірде,
Кәсіп,мансап ізінде,
Сен бір затты ұмытпа.
Білесіңбе шынында,

Толық

Өмір

Өмір, өмір, өмір деген – бір ғажайып бәйтерек,
Бәйтерекке түн де керек, күн де керек, ай керек.
Сол теректі паналаған балапансың сары ауыз,
Сол теректе өткен тірлік – әрі шындық, әрі аңыз.
Сол Теректің күн жағында – көктеменің шуағы,
Сол теректің көлеңкесі – қарлы боран қояды,
Сол теректің бір басына екі тағдыр ұялап,
Екі тағдыр – мәңгі-бақи адалдық пен қиянат.

Толық

Ұмытармыз

Түн құшағы, көремін қолайлы түс,
Өнім болса бойымнан тонайды күш.
Барлығына көніп жүрген жас жаным-ай,
Барлығында ұмытшы тек солай дұрыс.

Толық

Сүрінбе

Жан болар жығылғанға берген көмек,
Мінсіз боп туылмайды ешкім елден бөлек,
Теп тегіс жерде адам сүрінбейді,
Болған соң сүрінеміз жер дөңгелек.

Толық

Өмір жайлы

Азабы көп өмір деген түлкінің,
Мәні барма бетпердегі күлкінің.
О, Жаратқан бақыттылау сездірші,
Үш жүз алпыс бес күнімнің бір күнін.

Толық

Өмір

Өмір - сені ешкімге бермес едім.
Көрмесем күндеріңді сенбес едім.
Бар демменен айта алам - Бақыттымын!
Сүймесем бұл әлемге келмес едім.

Толық

Өмір

Он жетімде алып ұшқан сезім ба екен,
Ақыл қоспас жүрекпен сезінетін.
Жиырма бесте ақыл тоқтады ма екен,
Ешкімнің ақылын тыңдамайды екем…

Толық

Өмір

Өмір - қызық, өмір - сызық, бітпейтін бір жол.
Келеді де, кетеді ғой! Мағынасы жоқ.
Ұмытады, жоғалтады жақындарын ол.
Адасқанға, үңілгенге бағдаршамы бол!

Толық