Айтарым
Дауы бар, жаласы бар,
Меншілдік өктемдік бар.
Тыңдасаң жан ашығар,
Есінде көп кемдік бар,
Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе,
Кетпей тұрып кездессем
бұл фәниден көз іле.
Осы күні жүректің төрін саған сыйладым,
Кідіретін, аялдайтын не қалды,
Көктемімді өткен уақыт – сел алды.
Бәрі өзгеріп бара жатыр біртіндеп,
Өзгермеген жүрегім тек ең арлы.
Қыпша бел, аққу мойын, әсем мүсін,
Ару ем тамсанатын көрген кісі.
Бір құрбым себеп болып, Хақты танып,
Жаныммен құлай сүйдім исламды шын.
Иман қашан толығады деп, бастады жұрт таласты,
Бірі оны жүректен іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады!
Иман деген Аллаға сенім емеспе,
Қаракөк, жылқы ішінде биемісің,
Құдай десең тамұққа күйемісің?!
Тағат, ғибадат, құдайға құлшылық қыл,
Шал Құлекеұлы
Арақ – ақыл‚ мастық – ой, жар – хақиқат‚
Жан – нәпсi, шатақ иман – дiн қиянат.
Маскүнем‚ әйелсүйгiш‚ дiнсiз ғой деп,
Сырым бiлмей сыртымнан қылма ғайбат.
Әр адамның ғұмыры бір кітап,
Оқылмаған хикая мен дастаны.
Кейбірінің өмірі жәй әңгіме,
Мағына жоқ, мәнсіз оның астары.
Анық асық – әулие,
Кереметке сол ие.
Жаны құрбан жарына,
Керексiз өзге дүние.
Әлсізді жеңу, жеңіліспен бірдей!
Мықтыны жеңу, жеңістің төресіндей!
Мықты болсаң, мықтыны жең,
Құр босқа әлсіздерге шаба бермей!
Әлсіздермен пайда үшін күрестің,
Мықтылармен айла үшін сөйлестің,
Сенемін сенің білегің емес, білімің мықты,
Алайда сен ар-ұятты ойлаппең?!
Мықты болсаң, әдептіктен сен аспа!
Мықты болсаң, әлсіздермен жағаласпа!
Әрдайым адамдықты сен ұғып,
Күнәлі іс үшін, ешқанда ат салыспа!
Мықты болсаң қарағым өзіңді жең!
Мықты болсаң ғайбатты тіліңді тый!
Мықты болсаң шешеңнің сөзінен аспа!
Мықты болсаң, Құрандағы істі сен, мен, ол жаса!
Жамандыққа жолама,
Одан ісің оңама?
Жақсылықты жасасаң,
Елеусіз ол қалама?
Жамандықты ойлама,
Жақсы амалды тойлама!
Жамандықтан аулақ бол,
Сауап жазылар оғанда!
Жақсылық жаса үнемі,
Сауаппен еселеніп келеді!
Әсем әлем жақсыларға толсын деп,
Жақсы үшін, жамандардан қашық бол!
Сүйіспеншілікпен берген суда тәтті,
Бисмиллямен бастаған істе сәтті!
Құдайы қонақ әр адамға сый көрсеткен,
Екі өмірде несібесі болады көпті!
Сыйла адамды, жақсы болсын, жаман болсын,
Құрмет көрсет көпті болсын, кемді болсын!
Әр тіршілік иесіне өз мейіріміңді көрсетіп,
Берілген сауабы әрқашанда қабыл болсын!
Бақытты болуға әр адамың әр адамың лайық!
Әр адамның таңдауы өзінде ғой ол анық!
Егер шынайы сүйіспеншілігіңді көрсетсең,
Сауап пен еселеніп қайтары осы нық!
Басқалар жаман болса, жаман болсын,
Басқалар ессіз болса, ессіз болсын,
Оның таңдауы бөлең, жолы бөлек,
Сондықтан да жақсы таңдау өзіңнен болсын!
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі