Оян
Кенеттен, ойым бұзылды жүрек елжіреп,
Қарадым сыртқа, адамдар неткен безбүйрек...
Деп айқалап, шырқұрды бір жас бала...
Көздерінен сыбдырлы жас мөлдіреп.
Өлеңменен қалдырам дерегімді,
Ал ішінен, таңдап ал, керегіңді.
Мен өзіме көп алып қойдым ба екен,
Тауыса алмай жатырмын берерімді.
Боз таулар бұлдырайды үнсіз ғана,
Батқанда көкжиектен күн сыздана.
Алқызыл өртке оранып теңіз беті,
Толқын көрпе оранды Күн-Қыз бала...
Көргенде күн көктемнің жауын күнін,
Сеземін мұзбалақтың сауын- жырын.
Жел соқса, дауысынан қарағайдың,
Дауылпаздың естимін, дауыл-жырын...
Таң алдында түн жәннатқа малынып,
Тамшы тұнған жас құрақ гүл жамылып...
Көкте жұлдыз жасырынбақ ойнайды,
Ай артынан жалғыз шолпан табылып...
Жəудіреген күздің жанар-жүрегі
Сары түстер əлеміне тұнғанда...
Сағыныдым ба, неге жаным жүдеді?
Жапырақтан жаңбыр жауып тұрғанда?!.
Аяулы ана,
Сағындым сол мөлдіреген көзіңді,
«Боташым» деп еркелеткен сөзіңді,
Сағындым ғой, сағындым жан ана,
Ағзам әлсіз шыдамайды суыққа,
Нәски шешсем зақым тиер қуыққа.
Бұрынғылар көше шарлап жүріп-ақ,
Он баланы үлгеретін туыпта.
Кесірленіп тамаққа төккізетін адам бар,
Мүгедекті мазақтап тепкізетін адам бар,
Боқауыз-сөз жаттатып,
Үлкендерден аттатып,
Жынданып шығып
есіктен,
Жылағым келді,
кіре алмай...
Көшкенбіз күні кеше ауылдан біз,
Ауылды үзбей сосын сағынғанбыз.
Рахатқа өзімізше батып жүрген,
Бәріміз боқ тасыған қарындармыз.
Іші тар адамдардың қарғысы атып,
Жат пиғыл,
Арам іске ұрынды ма.
Көк шалқан толқындары жарды соғып,
Өмір, өмір... пианино секілді..
Ақ пен қара алмасып кіл жататын.
Қуанғанда көңіл шат боп, ағарып,
Қайғырғанда қара жолақ басасың...
Ей, қазақтың ұрпағы, не дейін саған?!
Не дейін саған, бабасын тани алмаған?!
Мәңгүрт боп, азып,көзіңді шел қаптады ма,
Телефоннан басқаны алмай ма санаң?!
Басыңа жеткен кезде бостандығың,
Тіліңді білмегенің қастандығың.
Анасын күткен сәби секілденіп,
Жәутеңдеп кешпесін күй тастандының.
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі