Ей, дүние
Ей, дүние, сен сағымсың жеткізбейтін,
Талайы қызығыңды көрсем дейтін,
Кейбірі қол бұлғап шақырады,
Әйтсе де, кез-келгенге кезікпейсің.
Қимаймын мен өткенімді,
Болды бәрі қызықты.
Дегеннің бәрі болды,
Болса екен мен де осы.
Балалықтың бал дәурені есімде,
Көрші тұрды қарт адамдар біздерге.
Саз балшықты шағын ғана үй еді,
Жылда келіп қарлығаш сонда қонады.
Жаса,жаса қазағым мәңгі жаса,
Мақтанамын мен қазақ болғаныма.
Қайран бабам ойлаған болашақты,
Жер жүзіне паш етемін мен паңдана.
Махаббат әні үзілді,
Көңілге қоңыр күз келді.
Сыздатып баяу ауыртар.
Шаншып бір өтер жүректі.
Мейлі болса да алыс арамыз,
Өткенге бұрылып қараймыз.
Жаныңды жегідей жесе де,
Бәрін де ұмытып барамыз.
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі