Ғашық сәулем
Көшкенде жылқы айдаймын-ай, сарыменен,
Қорғасын мылтық аттым, о, шіркін, дәріменен.
Бетіңнің алақандай-ай, қызыл үшін,
Аулыңның араз болдым, о, шіркін, бәріменен.
Көшкенде жылқы айдаймын-ай, сарыменен,
Қорғасын мылтық аттым, о, шіркін, дәріменен.
Бетіңнің алақандай-ай, қызыл үшін,
Аулыңның араз болдым, о, шіркін, бәріменен.
Екеу-екеу қосылып ән салалық,
Жегіп шана тай көкке қолға алалық.
Айлым бекем
Дарайлым.
Алдында есігімнің балғын көл-ді, ай,
Балығын балғын көлдің, алғым, келді, ау.
Бірге өскен кішкентайдан қыз Дариға-ау, ай,
Жеріңде аттандырған, қалғым келді, ау.
Барады аулым көшіп Балғын көлге,
Балығын балғын көлдің алғым келді.
Ойнаған бес-алты күн қалқатайым,
Жерінде аттандырған қалғым келді.
Өкшесі етігімнің айнала жез,
Айналайын көзіңнен дөңгелек көз.
Екеуміз екі рудың баласы едік,
Қаңбақтай жел аударған болыппыз кез.
Есігімнің алдында балғын көлді-ай,
Балғын көлді-ай,
Балғын көлдің балғынын алғым келді-ай.
Ойпырым-ай, ой-ой достым жан,
Ғашық болдым көрдім де, ей, қалқажан,
Бір сөзім бар көңілімде-ау, айта алмаған-ай.
Сүйсіндіре күлімдеп-ай, қарайтұғын,
Айналайын көзіңнен-ау, жаутаңдаған-ай.
Жылдар да, жылдар да бар, бағзай, бағзай,
Келеді бір наурызда, дүние, елдің жазы-ай.
Алабын айдын көлдің сулар алса,
Сыңқылдап ұшып-қонар, дүние, үйрек-қазы-ай.
Аспанда ұшып жүрген қара шыбын,
Нәрсенің қолдан шыққан, дүние-ай, бәрі шығын.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің аман-есен, дүние-ай, қарашығым.
Ауылым көшіп барады көк қауланға, әй,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, ай-ду-ай!
Екі жастың тілеуін берген күнде, әй,
Қосып-қосып қойсашы көңілі ауғанға, ай-ду-ай.
Ғыззатлу хат жазамын, қалқам саған,
Самарқау осы күнде көңілім шабан.
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ,
Дариға құр жастықпен өтті заман.
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі