Ескі ән (2-нұсқа)
Келеді қонақ таңдап боз үйлерге,
Келеді ханнан қағаз бек билерге.
Етегі шапанымның-ай, шалғайданып,
Түспедім сенің үшін не күйлерге.
Келеді қонақ таңдап боз үйлерге,
Келеді ханнан қағаз бек билерге.
Етегі шапанымның-ай, шалғайданып,
Түспедім сенің үшін не күйлерге.
Пендеге, тәңір сүйсе, дәулет берер-ай,
Дұшпаның қызмет қылып, соңына ерер-ай.
Басыңа бақыт, дәулет қонған күні-ай,
Дос болып, кеткен дұшпан соңыңа ерер-ай.
Астымда атым мінген Бозойнақ-ты, Ахау!
Жиылып бүгін түнде қыз ойнапты.
Ішінде ойнағанның өзім жоқпын, Ахау!
Орнынан тауып алдым жез оймақты.
Жайқалды гүл жапырағы
Жаздың жылы кешінде.
Терең ойлы Мариямның
Сүйген жары есінде.
Анадайдан көрінген ой екен ғой,
Ой астында жайылған қой екен ғой.
Қызды ауылдың маңында күнде қызық,
Жүрген жері қыздардың той екен ғой.
О, жаным, дүние өтеді, дүние өтеді,
Қолынан оймақсыздың ине өтеді.
Күл де ойна тіршілікте деп айтамын,
Түбіне сұм жалғанның кім жетеді, кім жетеді-ай.
Ей, қалқа, дуанамын бір сені ойлап,
Жалғанда қызығыңа бар ма тоймақ-ау.
Ой, жалған, дүние-ай.
Десем де ойламаймын ойлатарсың,
Қарағым, айналайын, айнадағы,
Жақындық екеумізге пайда-дағы.
Тәуекел бір кездерде кездесерміз,
Жүре бер уағыдаңды байла-дағы.
Үйірі жалтыр құла көк аланың,
Жігітке жоқ пайдасы көп жаланың.
Теріс арқау жиырманың толқынында,
Бір жауы өсек-аяң бозбаланың.
Астымда мінген атым-ау,
Мінген атым-ай, ала құнан,
Жамал-ай,
Тимеді асыл достым-ау,
Ақылың бар бала едің аңлағанға,
Жүре жауап бересің арнағанда,
Жамал-ай.
Уа, шіркін, жан Жамал-ай,
Алқызыл басында-ау, ала ноқта,
Айналайын, қарағым, еркем тоқта.
Кезең жерде-ау кез болған едің, Жамал,
Әнеугі айтқан уәдең бар ма, жоқ па?
Ұстағаным қолыма алтын қалам,
Еске түссе сөзіңіз, от боп жанам.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!
Қызыл гүлдің бұлбұлсыз сәні жоғын,
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі