Қоқыш
Ақ көйлек жыртылмайды кең болған соң,
Ойнайды екі құрбы тең болған соң.
Сырымды саған айтпай кімге айтамын,
Көзіме көрінгенім сен болған соң.
Әнім бар сатып алған құнан нарға,
Адаспай қудым түлкі тұмандарға.
Бұл әнді сан қайтара сатар едім,
Өзімдей туған еркек қырандарға.
Бәйгеден озып келген атты айналайын,
Ер жігіт сынамай ма бақ, талайын.
Құрбылар айт деп өзі бұйырған соң,
Құйқытып қоңыр әнге (айнам) мен салайын.
Етің аппақ көрінер жауған қардан,
Жігіттің арманы жоқ сені алған.
Дариясында мұхиттың сіз қоңыр қаз,
Тоятқа шабыт қылған біз бір тарлан.
Бозбалаға ат қайда қарагердей,
Көкірегім кең сарай—дала, жердей, қоңыр жай.
Жаман жолдас, шабан ат, өтпес пышақ,
Кәрі бүркіт түлкі алмас—бәрі бірдей, қоңыр жай.
Қызды ауылды көрдің бе қиядағы,
Қыздан көңіл қалған жоқ сірә дағы.
Бәрінен де сен сұлу көрінесің,
Баласындай сұңқардың ұядағы.
Өлеңді қиыстырып әнге парлас,
Сөз болса қанағатсыз, құлақ салмас, ах-уай.
Өлеңді өрнегімен қиыстырып,
Сөзінде айтушының жылу болмас, ах-уай.
Шұбартаудың басында қос балапан,
Сол таудан дария тасып су тараған.
Көркем жігіт, әсем қыз—бәрі сонда,
Япыр-ау, неге келдім сол арадан.
Жасымнан болдым құмар, сәлем саған,
Күн бар ма дидарласар есен-аман!
Жалғанда сенсіз маған қызық бар ма,
Тілекке жететұғын туды заман.
Бозбалаға лайық ойнап-күлмек,
Үйлесімді заманның жөнін білмек.
А-ай! Құбажай,
Осынау әнім, ә, жанға жай.
Ар жағында Ертістің нұр жайлаған,
Біздің қалқа көрдің бе жылқы айдаған?
Құбажай,
Қоңыр да салқын жанға жай.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі