Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (20) Өлеңдер (71) Мақал-мәтелдер (20) Ұлағатты сөздер (69) Әзіл, анекдоттар (1)

Көк тұман — алдыңдағы келер заман

Көк тұман — алдыңдағы келер заман,
Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.
Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,
Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.

Толық

Қайран заман-ай

Не жетсін алтын өмірге,
Сайран заман-ай.
Не жетсін жарқын көңілге?
Отырайықшы әр үйде,

Толық

Зар заман

Кез болған соң кер заман біздің баққа,
Жау жарағын асырып, міндік атқа.
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.

Толық

Заман ақыр жастары

Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.

Толық

Мөңке бидің болжамы 2

...Ертеңіне сенбейтін күнің болады.
Бетіңнен алып түсер інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.

Толық

Заман жыры

Бізді заман емес, адамдар өзгертеді,
Солай-солай заманға дақ келтіреді,
Бірімізге-біріміз жау болып,
Өмірді солай босына өткізеді!

Түбінде бәрі-бір жаман іс жарып шығады,
Ұрлық ісі өзіне де керек емес болып қалады,
Жасырын жасап-ап неге өзін сынға алады?
Жарып шыққанымен ол қоймай, махшарда сауал болады,

Қасыңды аш, қабағыңа қар жаумай,
Ғайбат айтпа сауабыңнан айырылмай,
Өзіңді ұлы ұстар мінезді қой,
Тәкәппарланып жұмағыңнан айырылмай!

Білмей жатып білем деме ешқашан,
Әйтпесе өтірікпен күнә аласың әрқашан,
Пысық болам деп, артықпенен арам жеп,
Сұрау болат! Өзіңді алдауды тоқтатасың сен қашан?

Толық