Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (79) Мақал-мәтелдер (27) Ұлағатты сөздер (27) Әзіл, анекдоттар (1)

Сыр

Өлеңнен өзге досым жоқ,
Өзгеге айтар қошым жоқ.
Бәрінен осы қинайды,
Сыр ішіме сыймайды.

Толық

Сыр

Бауырым, көп нәрсеге өкінем мен,
Бұл ағаң найзағайдың отын емген.
Қаратып екі жаққа екі бетін,
Бір тауды тағдыр шығар екі бөлген.

Толық

Сыр

Еш кесірлік көрмесімді біліп ем
жаһан толы жақсылардың бірінен.
Мені шалса — лас аяқ шалып жүр,
мен сүрінсем — жамандарға сүрінем.

Толық

Сен жасырған сыр

Жасырасың бір нәрсені неге сен?
Айтпай қиналатындай не екен?
Махаббат, сезім араларыңда өшсе де,
Ұмытылмайтын, қимас сәттер қайда екен?

Толық

Сыр

Шуылдап көңілімде жасыл орман,
Кеудемді мекен еткен асыл арман.
Қалдым ба жасанам деп сәл кешігіп,
Жүрсің бе жігіт болып тосып алдан.

Толық

Сыр

Таңымдай қуанышым бар осында,
Жанымдай жұбанышым бар осында,
Арымның шамшырағы бар осында,
Қанымның тамшылары бар осында,

Толық

Айтатын саған сырым бұл

Айтатын саған сырым бұл,
Ертеңім менің бұлыңғыр.
Әлсіреп, дымым құрып жүр.
Адасып менен кеткен бе?

Толық

Сыр

Күрсініп көкірегім, жылайды ішім,
Өсем бе, өшемін бе құдай білсін.
Қанды дағын жүректің қалдырайын,
Қаласа біреу-міреу сұрай жүрсін.

Толық

Сырымды ашсам деп ем дүниеге

Қайран, шіркін, жиырма бес
Жасқа толар болсайшы.
Қайран жанды қолменен
Жасап алар болсайшы.

Толық

Көңіл суық

Көңіл суық, жетпей тұр сырласуға.
Жетпейді сөз айтуға, мұңдасуға.
Мен үндемей тұрсам да ауыз ашпай,
Сөйле досым, маңызды сыр жасырма.

Толық

Сыр

Сыр - Сұлтан Қалиев
Қадағалап iнiмдi,
Тергеп тұрам кешке мен.
– Бағаңды айт, – деп, – бүгiнгi, –

Толық

Сыр

Түніменен ауырды
Түбі босап тістерім.
Тауыстым бар сабырды,
Білмеді апам не істерін.

Толық

Кеш мені

Шын бақытын сүйіп тапқан бұл ғалам да,
Махаббат дертінен мен де қапы қалам ба?
Мен де бәлкім ғашық пенде шығармын,
Бұл әлем де теңдесі жоқ сұлу адамға!

Ай туады, бұлт көшеді Көктөбе де,
Махаббат бұл ескертпейді келер де,
Жүректегі саған арналған сезімім,
Тасып тұрмақ, сыймай жатса өлем бе?

Бір қуаныш, бір қайғысыз кетпейді,
Саған ғашық мендей азап шекпейді,
Шын махаббат көрсетейін дегенде,
Өзгелердің көзқарасы шектейді.

Сағы сынған қашқын жандай күйдемін,
Қап бұл жолы да түбегейлі күйредім.
Жұрт алдында жалғыз қалып қалғандай,
Сөз де түйе, ал ісім де түймемін.

Толық

Махаббат деген көп сезім

Бұл махаббат бір жанға арналмайды,
Бұл махаббат орнына қойған айды,
Сондай күшті шексіз мына сезімде,
Жүректі сан мың рет жаралайды!

Бұл махаббат арналады анаңа,
Анаң үшін ыстық сезім жанама?
Бұл махаббат арналады мүмкін жарыңа,
Сезімді қалай сыйдырам санама?

Дүңк-дүңк етіп соғып тұр мендік жүрек,
Бұл жүрек жақындарға болған тірек,
Бұл жүрексіз ешқандай өмір болмас,
Махаббаттың шыңына шыққан сирек!

Толық

Лиро-эпос

Өтті бәлкім қаншама күн, талай жыл,
Саған ғана арнап жаздым талай жыр,
Өзіңді аңсап сағынғанда сарғайып,
Өзіңменен қосылуды қалаймын!

Көзің сенің қысыңқы, өзің балдай тәтті жансың,
Сен менің өмірімдегі ерекше әнсің,
Шыныңды айтшы сен де мені сүйесің ғой,
Өміріме болып қаласың ерекше мәнсің!

Балқадишам жүрегің неткен таза!
Осыдан айтып маған қандай жаза?
Мен сені шын жүрекпен, шын сүйемін,
Жүрегімді қылмашы енді қаза!

Қалдашым болашаққа қадам бас,
Жүректегі тұнып тұрған жарамды аш,
Сен мені сүймесең де мен сүйемін,
Жүрегімнен пәк мың бір мың жанға жаралмас!

Толық

Поэзия

Поэзия жазамын, ән де болса жазамын,
Бұл өнеріме куә болар Қазағым,
Көп ұзамай туындымның тұсауын,
Ала жіппен, қайшы алып қиямын!

Толық