Көк туым
Көгімде ту, желбірейді аспанға,
Желбіресін әрқашанда аспанда.
Ту дегенің мемлекет символы,
Кешірім жоқ таптап оны басқанға.
Мен Қазақпын, қазақ тума баласы,
Ұлы дала ұрпақтардың жалғасы!
Ұлысы бар ортасы мен кішісі,
Үштік жүзбен құралған оның таңбасы.
Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен табалдырық,
Кереге алты жапсар, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Қазақ деген – батыр халық,
Жерін жауға бермеген.
Әрбір сөзі нақыл халық,
Елін дауға бермеген.
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.
Төзіміңді берсе сенің темірге,
Темірдің де түгі кетпес көмірге.
Қазақ қызы,
Қайран қазақ әйелі,
Шолақ айдар, шөп желке,
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет,
Был-сылқ етіп жүргенде,
Ойламайсың ба үйрек деп?!
Қазақтың бүгінгісі оңған бекен?
Алаштар армандаған күн қайда екен,.
Жиырмасыншы ғасырдың, нар ұлдары,
21-де былай деп айтпар ма екен:
Біз осындай қазақ ек түйе баққан,
Шұбат ішіп бойына кие дарытқан.
Тамырынан бойлайды текті халық,
Тектілікті таниды, сүйеді ақ таң!
Біз қазақпыз, азатпыз
Көкшетау мен Алатаудың арасын
қара Ертіс пен Ақ Жайықтың жағасын
Кәкімбек Салықов
Қазағымның көк туымен мақтанам…
Бірлігім мен елдігімді сақтаған,
Сені көрсем, рухтанам, шаттанам!
Сайлаубай Тойлыбаев
Қазағымның көк байрағы желбіре,
Көсегесін көгертіп, жарқыратшы елді де.
Отанымның аясында әрқашан,
Көкке самға, самғат елмен ерді де.
Осы қымыз қазаққа
Мақтаның ба, асың ба?
Қымызды басар артынан
Ет даяр ма қасында?
Осы жерде тәңірменен теңелгем.
Осы жерде қуанышқа кенелгем.
Атомды да ажыратып аларсың,
Алайда сен бөле алмайсың мені елден!
Қазағымды көбейтейік осылай
Жыр жұлдызы «Жезкиігім» – күйлі ағын,
Күйлі ағында тапса шабыт құндағын.
Кәкімбек Салықов
- Төлепбек Жантай
- Конфуций
- Имам Раббани
- Имам Раббани
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі