Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (209)

Қазақстан табысының тарихы

Туған елдің табысы ерен бүгін,
Танытуда әлемге кемелдігін.
Барша ұлттар шынымен мойындауда,
Қазағымның тарихы тереңдігін.

Толық

Фаризаға арнау

Қызы едің текті ақын ,киелі елдің,
Жыры нәзік ,ойы бір есіл ердің.
Қазақ елі ардақтап Фаризасын,
Жырларына тәу етіп бас иетін.

Толық

Намыс

Намыс деген ұлы сөздің атын ұқ,
Жатпасаңда бірдеңені қатырып.
Сол намысын — жоғалтқандар бойынан,
Олар нағыз мақұлық...

Толық

ОЯН БҮГІН!!!

Ұйқы тәтті - түс көрген қиялыңда!
Көзді ашып,бір сәтке ояныңдар!
Ертегіден жырақ кетіп кішігірім-
Шынайылық жағына таяныңдар!!!

Толық

ОЯН, ЖАСТАР!!!

Оян, жастар, оянатын кез келді,
Бұрынғыдай замана жоқ,өзгерді.
Әуел баста ақша болса, құндылық,
Қазіргі таң білім күші тең келді.

Толық

Анама

Ей адамдар, аялаңдар ананы,
Ана деген асыл жан гой бағалы.
Ана деген бағбаның гой саялы,
Жүрегі кең, алақаны аялы.

Толық

Жалынды жастарға

Қазағымның от жалынды жастары,
Өнер менен білім біткен бастары.
Сендер барда көк туымыз желбіреп,
Ашық болсын қазағымның аспаны.

Толық

Астана

Бой көтерген ерке Есіл жағасында,
Ғимараттар бар онда жарасымды.
Көркіне тең келердей Жер бетінде-
Қаланы мұнан артық табасың ба?!

Толық

Дос туралы ащы шындық

Өкпеледің өмірге, адамдарға,
Қателестің, шалт бастың қадамдарда.
Күлімдеген бір досың сен туралы
Өсек айтса, шын дос боп, санала ма?

Толық

Уақыт

Мықтап ұстап тізгінді,
Уақытты кім тоқтатпақ.
Өмір деген желдеткен,
Жеткізбейтін арғымақ.

Толық

Баста

Баста, баста, бойда қайрат барында,
Күтпейді ғой, уақыт зырғып ағуда.
Сермейді ол қылышын сенің алдыңа,
Бейқам жүрсең уайымсыз, сол қайғы да.

Толық

Тілім менің тірегім

Қазақ тілім- ана тілім ардақты,
Ой айтатын жүйелеп бір салмақты.
Сол тілменен тірі жүрсем егерде,
Танытармын қазағымды жан-жақты.

Толық

Адамгершілік

Білім – ғылым жақсылыққа бастаған,
Ар – ожданың адамдықтан аспаған.
Ақыл-сана аз да болса толар деп
Әр күн сайын жан кітабын жастанам.

Толық

Соңғы жапырақ

Таланып қалған талдар тұлғасы мың,
Қыс келер, ызғар басқан сұлбасының,
Жалаңаш ағашта тұр, жалғыз өзі,
Соңғысы түспей қалған сырғасының.

Толық

ӨМІР - ТЕҢІЗ

Өмір - теңіз, өтіп ағып барады,
Біз кеткен соң, тек ақ құмы қалады.
Біреуге теңіз, ал біреуге көл ғана,
Әрбір пенде лайықтысын алады.

Толық

Өмір деген

Бірі үшін мына өмір мәнсіздік.
Бірі дайын ренжітуге әлсізді.
Бір кездері тірі болып жүргенмен,
Кей кездерде тек тәні бар жансызбыз.

Толық

Қара шаңырақ

Қайран үйім қалыпсыңғой ескіріп,
Мен оралдым қадіріңді кеш біліп.
Әкем салған өз қолымен шарбақтың,
Қора жәйдің зар-мұңы тұр естіліп.

Толық

Армандар орындалады!

Көз жүгірт өмір жолыңа, қонды ма бақыт қолыңа?
Қалағаныңдай болмаса, жасқанба, жатпа мойыма!
Уақытың – қымбат, әр сәтің, тиімді өткіз бағала!
Адамды еңбек шыңдайды, еңбексіз бағың жана ма?

Толық

Өмір деген

Өмір деген өтіп барат тоқтаусыз,
Бекер жылжып жатқандай еш жалғаусыз,
«Өмірімде не жақсылық істедім?» деп,
Ой-санама сауал келер санаусыз.

Толық

Жаңа күн!

Жаңа күн-жаңалық жаршысы,
Амандық тілейміз Алладан.
Жазылып кетсе екен әлемде,
Ем алып жатырған бар адам.

Толық